«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

 

Алматы, 21 желтоқсан 2018 жыл– «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») Директорлар кеңесінің  2019 жылдың 25 қаңтарында сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Тимирязев к-сі 2Г мекенжайы бойынша  «Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы шешімін хабарлайды. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының  қатысушыларын тіркеудің басталуы:  Алматы уақыты бойынша сағат 10:00.    

 

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысыкөзбе-көз тәртіпте өткізіледі.  

 

Жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2019 жылдың  25 ақпанына Алматы уақыты бойынша сағ. 11:00-ге ауыстырылады.  

 

Кезектен тыс жалпы жиналысқа 2018 жылғы 25 желтоқсандағы  жай-күй бойынша (Алматы уақыты бойынша сағат 00:00)  Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркегіші акционер ретінде тіркеген акционерлер қатысуға құқылы.   

 

Қатысушылар тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы керек. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат ұсынулары керек.    

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қоғамның ірі акционері болып табылатын Финтур Холдингс Б.В. (Fintur Holdings B.V.) компаниясының бастамасы бойынша; Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес  өткізіледі.     

 

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:

 

1.Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлау және дауыс беру түрін белгілеу.    

2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.  

3. Қоғамның директорлар кеңесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.

4. Қоғамның жаңа директорлар кеңесін сайлау.    

5. Қоғамның директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу.     

 

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар  

 

Қоғам акционерлері сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды materialsgm@kcell.kzэлектрондықмекенжайына жолдау арқылы немесе«Кселл»АҚ атқарушы органы, Бас атқарушы директорының орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматық., Самал-2ықш., 100-үй   мекенжайында, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысыныңкүн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарментаныса алады. Акционерлердің танысуы үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын қолжетімді болады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.     

 

 

Байланысдеректері

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

Тел: +7 727 2582755, қос. 1002

Investor_relations@kcell.kz

 

 

БАҚ

Наталья Еськова

 

Тел: +7 727 2582755, қос. 1902

Pressa@kcell.kz

 

 

Халықаралық БАҚ

 

Instinctif Partners

Кей Ларсен, Галина Кулачек

Тел: +44 207 457 2020

 

 

Компания туралы

 

«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді. 

 

2012 жылғы желтоқсан айында «Кселл» АҚЛондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10.50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді.Орналастыру TeliaSonera компаниясының «Kcell» АҚ акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды. 

Алдағы уақытта «Кселл» АҚ Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр.   Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр.  «Кселл» АҚ өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.