Алматы, 2024 жылғы 24 сәуір – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғам Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 27 мамырда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Әлімжанов к-сі 51 мекенжайында «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.
Компания Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2024 жылдың 28 мамыры, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2024 жылдың 24 сәуірдегі қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғаларға дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсету қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
1) Есеп комиссиясының құрамы туралы.
2) «Кселл» АҚ 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3) «Кселл» АҚ-ның 2023 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
4) Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
5) «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй мекенжайынан ала алады. Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Әлімжанов көшесі, 51-үй. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.