Алматы, 10 сәуір 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі, жалпы көлемі 70 млрд теңге болатын Astana International Exchange («Астана халықаралық биржасы» АҚ) алаңында облигациялық бағдарлама шығарылғаны туралы хабарлайды.
Осы облигациялық бағдарлама шеңберінде Қоғам номиналдық құны 15 млрд. теңге болатын, құбылмалы ставкасы және қолданылу мерзімі 36 ай болатын бірінші транш орналастырды.
Транштың негізгі параметрлері:
- Бағалы қағаздың түрі – купондық облигациялар
- Шығару көлемі – 150 (бір жүз елу) дана
- 1 облигацияның номиналды құны – 100 000 000 теңге
- Валюта – теңге
- ISIN – KZX000002126
- TICKER – KCELL.0427
- Листинг күні – 05.04.2024 ж.
Тартылған қаражат борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталатын болады. Ағымдағы нарықтық жағдайларды, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің базалық ставкасының төмендеуін ескере отырып, тартылған қаражат сыйақы шығыстарын төмендетуге және қарыздар портфелін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне тартылған қаражаттың құбылмалы ставкасы бар, бұл Қоғамның орта мерзімді кезеңге арналған нарықтық ставкасы болуына мүмкіндік береді.
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «BB +» (болжамы «Тұрақты») деңгейінде растаған кредиттік рейтинг деңгейінің арқасында Қоғам тұрақты негізде өзінің борыштық міндеттемелер портфелін төмендету және оңтайландыру үшін мүмкіндіктер іздейді.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.