Алматы, 28 мамыр 2024 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам»)
(KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы іріұялы байланыс
операторларының бірі, 2024 жылғы 27 мамырда өткен акционерлердің Жылдық жалпы
жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелерін жариялайды.
АЖЖЖ күн тәртібінде мынадай мәселелер қамтылды:
1) Есеп комиссиясының құрамы туралы.
2) «Кселл» АҚ 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3) «Кселл» АҚ-ның 2023 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы
және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
4) Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне
өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
5) «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады:
1.1. Такибаева Лазат Асылхановнаның «Кселл» АҚ есеп комиссиясының мүшесі, есеп
комиссиясының төрайымы ретінде өкілеттігі тоқтатылсын.
1.2. Есеп комиссиясының қолданыстағы құрамына Сотникова Анастасия Андреевна
«Кселл» АҚ есеп комиссиясының мүшесі, есеп комиссиясының төрайымы ретінде
сайлансын.
1.3. «Кселл» АҚ Есеп комиссиясының мүшесі, Есеп комиссиясының төрайымы Сотникова
Анастасия Андреевнаның өкілеттік мерзімі есеп комиссиясының қолданыстағы құрамы
сайланған сәттен бастап және өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін айқындалсын.
2. «Кселл» АҚ-ның 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы Аудиттелген жеке
және шоғырланған қаржылық есептері осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3.1 2023 жылғы таза табысты бөліп бермеу және оны Қоғамды дамытуға бағыттау
туралы шешім қабылдансын.
3.2 2023 қаржы жылында «Кселл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу
туралы шешім қабылдасын.
4. Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2023 жылғы іс-әрекеттеріне өтініштері туралы ақпарат назарға алынсын.
5.1 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің келесі мүшесі, тәуелсіз директоры Пиетари
Кивикконың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
5.2 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына Абдуалиев Асет Куандыкович
«Кселл» АҚ тәуелсіз директоры болып сайлансын.
5.3 Келесілер анықталсын:
1) «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Абдуалиев Асет Куандыковичтің
уәкілеттіктерінің мерзімдері – сайланған кезден бастап және 2022 жылғы 19 мамырда
«Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында (Хаттама №21) анықталған
«Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін.
2) «Кселл» АҚ тәуелсіз директоры Абдуалиев Асет Куандыковичтің жылдық орнықты және
жылдық қосымша сыйақы мөлшері «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысының 2019 жылғы 29 мамырдағы шешіміне (№ 13 хаттама) сәйкес анықталсын.
3) «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Абдуалиев Асет Куандыковичтің сыйақысын
төлеу мен шығындарын өтеу шарттары «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз
мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғандары үшін «Кселл» АҚ акционерлерінің 2019
жылғы 29 мамырдағы жалпы жиналысында (№ 13 хаттама) бекітілген сыйақы төлеу
мөлшері мен шарттары туралы ережеге сәйкес анықталсын.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты
байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол
жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды,
жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды
(machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер
саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф
сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка,
кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ
корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында
бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell
сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық
технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE
желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 72,82% -ын қамтиды және
қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі
телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен
ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге
қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын
басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.