Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау

Алматы, 1 желтоқсан 2023 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі, Жамалов Санжар Еркебаевич пен Керейбаев Даурен Жумагалиевичтің 2023 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы, Әлімжанов көшесі, 51 мекенжайы бойынша сағат 11.00-де Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында («АКТЖЖ») Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері ретінде сайланғанын хабарлайды. АКТЖЖ №24 хаттамасы.

Кселл Директорлар кеңесінің ағымдағы мүшелері:

  1. Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
  2. Алия Бахиткереевна Кишкимбаева – Директорлар кеңесінің мүшесі,  акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
  3. Калмис Джери – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  4. Пиетари Кивикко – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;      
  5. Лезговко Александр Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
  6. Жамалов Санжар Еркебаевич- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  7. Керейбаев Даурен Жумагалиевич- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер Есенов Галимжан Шахмардановичтің өкілі.

Анықтама үшін:

Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға

Дамир Муллашев

Investor_relations@kcell.kz

Компания туралы

Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.

Scroll to Top