Құрметті абоненттер, Сіздің нөміріңіздің мобильді теңгерімінің көмегімен қоғамдық көлікте жол ақысын төлеңіз. Бұл қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді!
Activ және Kcell қосымшаларында енді көлік коды бойынша төлем жасауға болады.
Қосымшада қалай төлеуге болады?
- «activ/Kcell» қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіңіз.
- Басты экранда «Көлікті төлеуді» таңдаңыз
- Көлік салонындағы жапсырмада көрсетілген көлік кодын енгізіңіз
- Төлемді төлеуді растаңыз*.
- Қосымшадан электрондық билет алыңыз.
Жол жүру билетін қажет болған жағдайда бақылаушыға көрсетіңіз.
Еске сала кетейік, activ және Kcell қосымшаларында QR коды бойынша төлеуге және «Visa QR-менКэшбэк» науқанына қатысуға болады.
Қоғамдық көлікте жол жүру үшін көлік коды және QR коды бойынша төлемді келесі қалаларда жүзеге асыруға болады: Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл, Ақтау, Атырау, Қостанай, Түркістан, Алматы.
Алматы қаласында қоғамдық көлікте ақы төлеу 9909 нөміріне терминал коды бар SMS жіберу жеткілікті. Электрондық билет SMS арқылы да түседі.
*Жол ақысының сомасы ақы төленетін қаладағы жол жүру сомасына байланысты автоматты түрде анықталады.
Activ және Kcell қосымшалары арқылы жол жүру ақысын төлеуге болатын бағыттар тізімі мына жерде.