«Кселл» АҚ Google Play Market-те мобильдік теңгерім арқылы төлемді іске қосу туралы хабарлайды және ақылы ойындар мен қосымшаларды алғашқы сатып алуға 50%-ға дейін кэшбэк алуға мүмкіндік береді

«Кселл» АҚ-ның Google Commerce Limited, Boku Network Services Inc және Halyk Bank-пен жемісті ынтымақтастығының арқасында Kcell және activ брендтерінің абоненттері үшін осындай сервистің ашылуы мүмкін болды. 

Қазіргі уақытта «Кселл» АҚ тиімділікті арттыру және клиенттер үшін барынша жайлы сервистер жасау мақсатында мобильді қаржылық қызметтерді дамыту бойынша бірқатар бастамаларды іске асыруды жалғастыруда. Осындай бастамалардың бірі Google Play Market-те қосымшалардың, ойындардың, кітаптардың және медиа-контенттің мобильдік теңгерімі арқылы төлемнің ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсыну болып табылады! Бұдан басқа, абоненттердің адалдығы бағдарламасын қолдау үшін «Кселл» компаниясы Play Market-те алғашқы сатып алуға 50% дейін кэшбэк беру науқанын іске қосты!

Google Play Market-тен ұялы теңгерім арқылы қосымшаларды қалай сатып алуға болады?

Бұл үшін «Play Market» қосымшасын ашып, ақылы қосымшаны, ойынды немесе кітапты таңдап, бағасы бар пернені басып, «Kcell/activ» байланыс операторын қосу» опциясын таңдау, қызмет көрсету ережелерімен келісу және «Бір пернемен сатып алу» түймешігін басу қажет және төлем бірден жүргізіледі. Теңгерімнен төлем жасау – бұл оңай әрі ыңғайлы, оның үстіне оператор тарапынан комиссиясыз.

Компания серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді және технологиялар негізінде жаңа шешімдер алу және тәжірибе мен білім алмасу үшін жасанды интеллекттің заманауи құралдарын дамытуды жоспарлап отыр.

«Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Юрий Харламов былай деді:

 «Қазіргі таңда бизнесті дамытудың қазіргі парадигмасы серіктестік – бұл біздің дамытуымыз қажет модель екенін көрсетеді. Әлемдік ауқымдағы компаниялармен осындай ынтымақтастық – бұл Қазақстанның барлық тұрғындары үшін DCB (Direct Carrier Billing) сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін компанияның мобильді қаржылық сервистерін дамыту аясындағы көптен күткен стратегиялық қадам».

Есеп айырысу банкі елдің ірі банкі Halyk Bank болды, оқиғаға Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин түсініктеме берді:

«Клиенттердің қажеттілігі мен игілігі үшін цифрлық мүмкіндіктер мен қаржылық технологияларды дамыту – Halyk тобының даму стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан осы нақты жоба аясында біз барлық қажетті ресурстар мен құзыреттілікке ие болғандықтан, есеп айырысу банкі болдық. Банк жобасының ауқымында Қазақстанның жетекші мобильді операторымен өзара әрекеттестік жүргізу интернет кеңістігінде қаржылық есеп айырысу кезінде біздің клиенттеріміздің қолжетімділігін жеңілдете отырып, серіктестердің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді».

Boku-дағы төлемдер бойынша бас коммерциялық директор, Марк Стэннар тұлғасындағы жобаның технологиялық әріптесі: «Біз Kcell-мен Google-дің жаңа төлем платформасымен әлемдегі алғашқы ұялы байланыс операторының интеграциясын іске қосу аясында ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бұл іске қосу Kcell және олардың абоненттері үшін Google экожүйесіндегі мобильдік теңгерімнен қарапайым және ыңғайлы төлемдерді жүзеге асыруға айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл интеграция тек бастау ғана деп сенеміз», – деп атап өтті.

Scroll to Top