Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту

Алматы, 2023 жылғы 30 қазан. «Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Рамазанов Ермек Туржигитовичтің өкілеттігі оның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылатынын хабарлайды. Өкілеттіктер 2023 жылғы 29 қарашада өтетін акционерлердің жалпы жиналысының кезектен тыс отырысы өткізілетін күннен бастап тоқтатылады.

Ақпарат сілтеме арқылы қолжетімді:

https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_board_changes_161023_11720.pdf

Анықтама үшін:

Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға

Дамир Муллашев

investor_relations@kcell.kz

Компания туралы

Kcell –  цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл саласындағы ат-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және өңдеу, деректер және бұлтты есептеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін көрсететін Қазақстандағы жетекші оператор.

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания В2В нарығында тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ды қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Компания Kcell және activ брендтерімен ұсынылған, олар тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында жақсы жұмыс істеді. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін басқаруға және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеу есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.

Scroll to Top