Еліміздің ірі мобильді операторы – Kcell бесінші буын байланыс технологиясының мүмкіндіктері мен әлеуетін көрсетудің бірегей тәсілін таңдады. Астана мен Түркістанның жүздеген тұрғындары мен қонақтары бір уақытта арнайы ұйымдастырылған «5G KcellRun» ауқымды марафонында 5G жылдамдық және сапалық сипаттамаларын тағы бір мәрте бағалай алды. Дәл осы технология екі қаладағы жүгірушілерді телекөпір арқылы осындай тікелей трансляцияларға тән кідіріссіз, кедергісіз және қатып қалуларсыз қосуға мүмкіндік берді. Өзінің ерекше жарысымен Kcell компанияның 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға бастау берді.
Осындай екі қалада бір уақытта өткен алғашқы технологиялық марафонға мыңнан астам спорт және дене шынықтыру әуесқойы, салауатты және белсенді өмір салтын ұстанушы қатысты. Қыркүйектің соңғы күнінің осы сенбі күні таңертең түрлі жас санаттары бойынша бөлінген спортшылар елордадағы Ботаникалық бақ пен Түркістандағы «Жібек Жолы» саябағының аумағы бойынша 5 немесе 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Сонымен қатар, марафонға қатысушылар өз күштері мен мүмкіндіктерін сынап, көңілді әрі қызықты уақыт өткізіп қана қоймай, жалпы жүлде қорынан 10 миллион теңге көлемінде қомақты ақшалай сыйлық ұтып алды.
«Kcell әрқашан біздің ағымдағы және әлеуетті клиенттеріміздің тарапынан еліміздің ең технологиялық және инновациялық компанияларының бірі ретінде орнығып, қабылданды. Сондықтан біз марафонға қосылған екі қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа байланыс технологиясы – 5G қандай мүмкіндіктер ашатынын көрсете отырып, жүгіруді осындай, стандартты емес форматта өткізуді жөн көрдік. Өздеріңіз білетіндей, біз «МТ-С-тегі» әріптестерімізбен бірге республикада бесінші буын желілерін белсенді және барлық жерде өрістетіп жатырмыз, қазірдің өзінде жүздеген базалық станция орнаттық және қазіргі уқаытта 5G-ге астаналықтардан, алматылықтардан және шымкенттіктерден басқа, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларының тұрғындар да қол жеткізе алады», – деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Узбеков марафонды ашқан кезде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында арасында Kcell де бар операторлар консорциумы, радиожиіліктерді бөлу бойынша аукционның жеңімпазы атанды және байқау шарттары бойынша компаниялар 2027 жылға дейін ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станцияны өрістетуі тиіс. Мобильді оператор сарапшыларының бағалауынша, 2027 жылға қарай Қазақстан халқының шамамен 80%-ы жаңа буын байланысына қол жеткізе алады. ал индустрия экожүйесін кезең-кезеңмен дамыту республикадағы ұялы байланыс ландшафтын ғана өзгертпейді, бірегей цифрлық мүмкіндіктердің пайда болуы, инновациялар мен технологияларды дамыту, барлық салаларда трансформациялық процестерді жеделдету және тағы басқалар есебінен ел экономикасына және халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді.
«Біздің елде алдағы 5-10 жылда бесінші буын байланысының стандарты ұялы байланысты дамытудың негізгі технологиясы болатынына сенімдімін. Kcell-дің өзіне келетін болсақ, қазір біз екі бағыт бойынша дамуға ұмтылудамыз – бұл біздің желілік инфрақұрылымымызды модернизациялау және жаңарту және Fintech, IoT сияқты жаңа және аралас салалар мен өрістерге шығу, тек мобильді оператор болып қалмау үшін өз экожүйесін кеңейту. Және біз дауыстық байланыс пен SMS қызметін ғана ұсынған компаниядан бастап мультиөнімдік телеком-операторға дейінгі осы жолды біз ширек ғасырда өткердік және биыл біз осы марафон орайластырылған 25 жылдық мерейтойымызды атап өтудеміз. Айтпақшы, біз басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартып, абоненттерімізге және бүкіл халыққа пайдалы болатын әлеуметтік және спорттық жобаларға назар аудару туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, біз қазір клиенттерімізге бірден бірнеше қызмет пен сервистер – – бұл интернетке, цифрлық теледидарға және байланысқа жоғары жылдамдықпен қол жеткізу қатар жүретін Triple Play форматында қызмет көрсету жағына қарай жылжып отырмыз», – деп хабарлады Асхат Узбеков.
«5G KcellRun» марафонына қатысушылар жаңа технологияны пайдалана отырып, заманауи телекоммуникациялық қызметтердің барлық негізгі және сапаны талап ететін үш құрамдас бөлігін пайдалана алды және бұдан үлкен әсер алды.
Марафонға қатысушының сөзі:
Бір-бірінен бір жарым мың шақырымдай қашықтықта орналасқан Астана мен Түркістан арасындағы телекөпір режимінде берілетін ағынды бейненің сапасы да көпшілікті таң қалдырғаны анық, бұл екі түрлі қалада емес, көрші көшелерде болып жатқан оқиғалар сияқты болды. Дәл осы қатысудың әсері елордада да, Түркістанда да марафоншыларға жарыстан бас тартуға немесе кетуге мүмкіндік бермеді. Жүлделі орындар үшін ымырасыз күрестің нәтижесінде 10 шақырымдық жарыста Балтабек Әлімжан мәре сызығын бірінші болып кессе, әйелдер арасында Елемесова Гүлнұр мәреге жетті. 5 километр қашықтықта Ева Пинчук, ерлер арасында Дмитрий Адамович чемпион атанды.
«Кселл» АҚ баспасөз қызметі