Акционерлер


 

Kcell (Компания) акциялары Лондон қор биржасында (LSE) жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) түрінде және Қазақстандық қор биржасында (KASE) жай акция түрінде бағаланады, мұнда әр ЖДҚ бір жай акцияны ұсынады. Әр акция акционерлердің жалпы жиналысында бір дауысты ұсынады.

Kcell ұсынуы тиіс мерзімдік есептерде ашылатын ақпарат жоғары кәсіби стандарттарға сәйкес келіп, толық, шынайы, нақты, уақтылы және түсінікті болуы тиіс.

Kcell жазбаша есептері LSE және KASE ережелеріне сәйкес тоқсан сайынғы есептерді және жылдық есепті қамтиды. Елеулі сипаттағы шешімдер мен оқиғалар әрдайым Біріккен Корольдіктің және Қазақстанның листингтік компанияларына арналған нормативті актілеріне сәйкес баспасөз мәлімдемелерінде баяндалады.

Kcell жылдық есептерін және аралық есептерін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес (ҚЕХС) дайындайды. Жылдық есептер және аралық есептер іскерлік әрекеттің сипаттамасымен және талдауымен бухгалтерлік теңгерімді, табыстар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы мен Компания капиталындағы өзгерістер туралы есепті  қамтиды.

Kcell қаржылық есептері мен баспасөз мәлімдемелері жарияланғаннан кейін веб-сайтта орналастырылады.

Акционерледі Kcell қызметінің барысы мен дамуы туралы хабардар етудің мәні зор. Оған қоса қаржылық тұрғыдан да, экологиялық тұрғыдан да баспа материалдарын акционерлердің қомақты санын ескере отырып, негізді түрде өндіру мен басып шығару қажет. Дәл осы себеппен Kcell жылдық есебін электрондық түрде келтіруде.