Қазақстан қор биржасында (KASE) «Кселл» АҚ-ның 2025 жылдың 9 айындағы қаржылық есебі жарияланды. Деректер негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуін, нарықтағы позициялардың нығаюын және цифрлық сервистерге, оның ішінде компанияның жаңа өнімдері мен тарифтік жоспарлары есебінен сұраныстың өсуін көрсетті.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша түсім 7% -ға өсіп, 192,6 миллиард теңгеге жетті. Сервистік кіріс 10% -ға артып, 164,1 млрд теңгені құрады. Абоненттік базаның өсімі есепті кезеңде 10,3% құрап, 8 479 миллион пайдаланушыға дейін өсті. EBITDA 83,5 млрд теңгеге жетті, ал таза кіріс 14 млрд теңгеден асты.
Kcell телекоммуникациялық қызметтерін дамытуды және тұтынушыларға ыңғайлылық, қарапайымдылық және жоғары мобильді трафик көлемін ұсынатын өнімдерге баса назар аударуды жалғастыруда. Өсудің негізгі факторларының бірі әр күнге арналған интернеттің үлкен топтамалары мен қызметтері бар тарифтік жоспарлар желісінің кеңеюі болды, бұл цифрлық тұтынудың айтарлықтай ұлғаюына әкелді – «Үздік» тарифтік жоспары және «Отбасылық» желісі. 2025 жылдың 9 айында мобильді трафиктің өсімі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 66,8% -ға артты.
Компания байланыс сапасын жақсартуға инвестиция құюды жалғастыруда. 2025 жылдың 9 айында капиталдық салымдар 83 млрд теңгеге жетті, бұл 5G жабынын кеңейтуге, 4G желісін жаңғыртуға және жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл мобильді интернеттің ең жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бүкіл ел бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартады.
Жарияланған есептілік бизнестің тұрақтылығын растайды және Kcell-дің цифрлық экожүйені дамытуға, цифрлық өнімдердің өсуіне және абоненттер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға арналған стратегиялық бағытын көрсетеді.