Алматы, 2026 жылғы 05 қаңтар. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, Astana International Exchange («Астана халықаралық биржа» АҚ) алаңында облигациялық бағдарлама шеңберінде орналастырылған облигациялардың бірінші траншын мерзімінен бұрын толық сатып алғанын хабарлайды.
Сатып алынған облигациялардың номиналдық құны 15 000 000 000 (он бес миллиард) теңге.
Шығарылым бойынша анықтамалық ақпарат:
Шығарылған күні – 2024 жылғы 5 сәуір;
ISIN — KZX000002126;
Облигация саны – 150 (жүз елу) дана;
Шығарылымның жалпы көлемі – 15 000 000 000 теңге;
Түпкілікті өтеу күні – 2027 жылғы 5 сәуір.
Облигациялар мерзiмiнен бұрын мiндеттемелердiң құнын төмендетуге және Қоғамның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған iс-шаралар шеңберiнде сатып алынады
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 51,29% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.