Алматы, 20 қараша 2025 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың ірі операторларының бірі, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің Kcell кредиттік рейтингінің тұрақты болжаммен «ВВ+» ағымдағы кредиттік рейтинг деңгейін растағанын хабарлайды. Талдаушылардың есебіне сәйкес Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы деңгейі («ВВ +», болжамы «Тұрақты») компанияның ұялы байланыс нарығындағы күшті позицияларына және орташа қарыз жүктемесіне байланысты.
«Fitch Ratings рейтингін растау – бұл инвесторлардың тарапынан да сенім деңгейі және біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың растауы. Соңғы екі жылда біз байланыс сапасын айтарлықтай жақсарттық: 4G желісін күшейтіп, жабынды кеңейттік, 5G желісін жаппай енгізуді бастадық. Бірақ алда әлі де көп жұмыс бар. Қазақстанның аумағы үлкен, ал адамдарға тұрақты байланыс қажет. Біз желіге қарқынды инвестиция құюды және қызмет сапасын арттыруды жалғастырудамыз және халықаралық сарапшылардың, клиенттер мен серіктестердің бұл сенімін нақты нәтижелермен және бүкіл ел үшін инфрақұрылымды одан әрі дамытумен ақтайтын боламыз», – деді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Fitch Ratings сарапшыларының мәліметінше, компания орнықты инфрақұрылымды және «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне қолжетімділікті пайдалана отырып, конвергенттік мобильдік және орнықты топтамалық ұсыныстарды кеңейту арқылы кірістер мен абоненттік базаның өсуін қамтамасыз етеді. Екі ірі оператордың өнімдері мен сату арналарының синергиясы B2B-сегменттегі негізгі өсім драйверлері болып табылады, бұл Kcell-ге орнықты және мобильді кең жолақты қолжетімділікті және бұлттық шешімдер мен кибер қауіпсіздікті қамтитын қосымша қызметтерді қамтитын конвергенттік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Компанияның қаржылық орнықтылық көрсеткіштері қалыпты шекте қалып отыр және тіпті 4G желісін кеңейтуге және 5G желісін салуға айтарлықтай инвестицияларға, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық ставкасының көтерілуі салдарынан борыш құнының ұлғаюына қарамастан беріктік қоры бар.
«Fitch Ratings-тің Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы деңгейін растау туралы шешімін біз қаржы көрсеткіштеріміздің тұрақтылығын растау ретінде бағалаймыз, бұл әсіресе құрылыстың белсенді инвестициялық циклі мен желіні жаңғырту жағдайында маңызды. 2025 жылдың 9 айында компанияның инвестициялары 82,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 27% -ға артық (65,1 млрд теңге). Біз кредиттік портфель құрылымын дәйекті түрде нығайтамыз: компанияның барлық міндеттемелері теңгемен номинацияланған, бұл валюталық тәуекелдерді болдырмауға және пайыздық мөлшерлемелердің ең төменгі деңгейін қолдауға мүмкіндік береді. Қолжетімді кредиттік желілердің жеткілікті көлемінің болуы компанияға нарық өзгерістеріне уақтылы ден қоюға мүмкіндік бере отырып, қосымша қаржылық икемділік пен орнықтылықты қамтамасыз етеді. Бұл факторлар Fitch Ratings сарапшылары тарапынан да оң бағаға ие болды», – деп атап өтті «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.
Талдаушылардың болжамдарына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-ның бас компаниясымен серіктестік сатудың ұлғаюына, корпоративтік клиенттер портфелінің үлесінің өсуіне ықпал ететін болады, бұл ретте конвергенция негізінде саралау нарықтың
үш оператормен бәсекелестік қысымын ішінара өтейді.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жарияланған Kcell аралық қаржылық есептілігінің деректері Fitch Ratings жоғары бағасын растай отырып, компанияның тұрақты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді.
Kcell өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі қаржылық көрсеткіштердің тұрақты өсуін көрсете отырып, қаржылық нәтижелерді күшейтеді. Компанияның жалпы кірісі тоғыз айда 192,7 млрд теңгеге жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 7% -ға артық (180,2 млрд теңге). Өсімнің негізгі қозғаушы күші цифрлық сервистерді кеңейту және мобильді интернетті тұрақты тұтыну болып табылады.
Операциялық кіріс 25,8 млрд теңгеден 38,3 млрд теңгеге дейін өсіп, 49% өсімді қамтамасыз етті. Kcell-дің таза табысы одан әрі айтарлықтай қарқынмен – 8,1 млрд теңгеден 14,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл 84% -дан астам өсімге сәйкес келеді. Бұл операциялық тиімділіктің артуы мен шығыстардың төмендеуін көрсетеді.
Kcell сервистердің сапасына және пайдаланушылық тәжірибені жақсартуға баса назар аудара отырып, желіні дамытуға, жабынды кеңейтуге және цифрлық шешімдерді енгізуге инвестиция құюды жалғастыруда.
Анықтама үшін:
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 51,29 % -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.