Алматы, 13 қазан 2025 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі, өз акционерлері мен инвесторларына Қоғам Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 14 қарашада сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов көшесі, 51-үй. мекенжайында «Кселл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу сағат 10:00 басталып, 10:45 дейін (Алматы уақыты бойынша) жалғасады..
Компания Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер бірінші жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2025 жылғы 17 қараша, сағат 11:00-ге (Алматы уақыты бойынша) ауыстырылады.
Кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығына 2025 жылғы 15 қазандағы қалпында Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие. (Алматы уақыты бойынша 00:00 жағдай бойынша).
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
1. «Кселл» АҚ Шот комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау туралы.
2. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды materialsgm@kcell.kz электронды мекенжайына немесе «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, үй 51 мекенжайына жолдау арқылы таныса алады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
Анықтама үшін:
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 48,84% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.