Алматы, 22 қараша 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell»
немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы
байланыстың ірі операторларының бірі, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің
Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы деңгейін растағанын хабарлайды.
Талдаушылардың есебіне сәйкес Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы деңгейі («ВВ
+», болжамы «Тұрақты») компанияның ұялы байланыс нарығындағы күшті позицияларына,
берешектің салыстырмалы төмен деңгейіне және «Қазақтелеком» АҚ бас компаниясымен
елеулі стратегиялық байланыстарға негізделген.
Сарапшылардың айтуынша, 4G инфрақұрылымының белсенді дамуы және 5G
желісінің құрылысы күрделі шығындардың өсуіне және капиталға қажеттілікке әкеліп, бұл
компанияның борыштық жүктемесінің ұлғаюына әсер етеді. Алайда EBITDA-ға 1,4
деңгейіндегі таза берешектің ағымдағы деңгейі беріктіктің елеулі қорына ие. 2025-2027
жылдары инвестициялардың одан әрі өсуі бойынша сарапшылардың болжамдарын ескере
отырып, Kcell берешек коэффициенті ұлғаюы мүмкін, бірақ ағымдағы рейтинг деңгейі үшін
рұқсат етілген шекте.
«Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің Kcell кредиттік рейтингінің
ағымдағы деңгейін растауын біз жағымды оқиға деп есептейміз, өйткені біз үшін
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі басым болып табылады. 2024
жылдың үшінші тоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының және
«Қазақтелеком» АҚ-ның бақылаушы акционерінің қолдауымен біз кредиттік портфельді
жақсарту бойынша көлемді жұмыс жүргіздік, қазіргі уақытта компанияның барлық
міндеттемелері теңгемен көрсетілген (яғни міндеттемелер бойынша валюталық тәуекел
алынып тасталды), ең төменгі пайыздық ставкалары 15,25%-ден аспайды. Жалпы сомасы
45 миллиард теңге болатын облигациялардың соңғы екі шығарылымын біз 14,75%
ставкасымен бойынша орналастырдық, тартылған қаражатты қымбат қарыздарды
қайта қаржыландыруға бағыттадық, бұған да Fitch Ratings сарапшылары оң баға берді», деп атап өтті «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.
Kcell 2024 жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша нарықтық үлесі 30% -ға жуық
Қазақстандағы екінші ірі мобильді оператор болып қала беруде. Желіні жаңартуға, сондай-ақ 2022 жылы тиісті спектрді сатып алғаннан кейін 5G желісін өрістетуге айтарлықтай
инвестициялар компанияның нарықтық позициясын қолдауға тиіс.
«2022 жылдың соңында біз мобильді операторлар консорциумының құрамында
радиожиілік аукционында жеңіске жеттік және соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда 5G
желісін белсенді өрістетудеміз. Бұл бізге миллионға жуық қазақстандықты жаңа
технология бойынша телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік
берді. Бүгінгі таңда халықтың 45% -ы 5G технологиясымен қамтылған. Бұдан басқа, біз
қолданыстағы желіні жаңарту мен дамытумен, сондай-ақ клиенттерімізге сапалы
қызмет көрсету үшін желі жабынын кеңейту және жақсарту мақсатында 4G базалық
станцияларын салумен белсенді айналысудамыз. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы
бойынша компания кіріс деңгейін 180 миллиард теңгеге дейін жеткізді, бұл өткен жылдың
салыстырмалы кезеңінен 9% -ға артық. Бұл клиенттік базаның артқандығын, сатудың
көбейгендігін және табысты маркетингтік стратегияларды көрсетеді», – деп атап өтті
«Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Fitch Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-індегі
қатысу үлесін сату бойынша мәміле аяқталғаннан кейін бәсекелестіктің күшеюін
болжайды, алайда мобильді операторлар тарихи түрде тәуелсіз әрекет еткенін және Kcell
мобильді және орнықты байланыстың құрама ұсыныстарын белсенді ұсынудан ұтатынын
атап көрсетеді. Оның үстіне, сарапшылар мобильді сегменттің «Қазақтелеком» АҚ бас
компаниясы өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болады деп есептейді.
Ұқсас компаниялармен салыстырмалы талдау жүргізе отырып, Fitch Ratings Kcell
түрік ұялы байланыс операторы Turkcell Transfisim Hizmeti A.S. (Tcell; «BB-»/Тұрақты)
және неміс мобильді операторы Telefonica Deutschland Holding AG (TEF DE;
«BBB»/Тұрақты) сияқты ұялы байланыс нарығында орнықты позицияларға, төмен
борыштық жүктемеге және инвестициялық циклдің шыңынан тыс ақша ағындарының
жақсы генерациялануына ие екендігін атап өтті. Рейтингі елдің (Түркия) рейтингімен
шектелген Tcell-ден айырмашылығы, Kcell анағұрлым тұрақты операциялық ортада жұмыс
істейді және валюталық тәуекелге ұшырамайды.
Анықтама үшін:
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың
(FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық
сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың
интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және
өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор.
Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен
журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін
бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі
цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске
асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші
орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды
және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі
телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған.
Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға
белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі
бизнестің тиімділігін арттыруда.