Алматы, «13» қаңтар 2025 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың ірі операторларының бірі, Директорлар Кеңесі акционерлері мен инвесторларын Басқарма құрамын өзгертуде мынадай шешімдер қабылдағаны туралы хабардар етеді:
2025 жылғы 10 қаңтарда Цой Ольга Вячеславовна, Бас коммерциялық директор, Қоғам Басқармасының мүшесі және Амардинов Малик Алимжанович,
Цифрлық даму жөніндегі бас директор, Қоғам Басқармасының мүшесі «Кселл» АҚ-да жұмыстарын аяқтады.
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қоғам Басқармасының құрамында Шаимов Казбек Бекжанович Қоғамның Бас коммерциялық директоры, Қоғам Басқармасының мүшесі және Затилда Керей Жумабекулы Бас техникалық директор, Қоғам Басқармасының мүшесі ретінде жұмыстарына кіріседі.
«Кселл» АҚ Басқармасының құрамы Басқарманың бес мүшесіне дейін қысқартылды, Цифрлық даму жөніндегі бас директордың және Қауіпсіздік жөніндегі бас директордың Қоғам Басқармасының мүшелері ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылды.
2025 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша «Кселл» АҚ Басқармасының құрамы келесідей түрде берілген:
- Жамбакин Аскар Серикович – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор;
- Рахметов Сабигат Маратович – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры.
- Шайхин Даурен Мухамедкалиевич – Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және талдау жөніндегі бас директор;
- Шаимов Казбек Бекжанович – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Затилда Керей Жумабекулы – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.