«Кселл» АҚ атқарушы органының құрамын өзгерту туралы

Алматы, 2024 жылғы 08 тамыз «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың ірі операторларының бірі, Қоғамның Директорлар кеңесі өз акционерлері мен инвесторларын келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабардар етеді:

«Кселл» АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Муллашев Дамир Шамильевич өкілеттігін 2024 жылдың 15 тамызында мерзімінен бұрын тоқтату;

Рахметов Сабигат Маратович 2024 жылғы 16 тамыздан бастап «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі лауазымына сайлансын;

Шайхин Даурен Мухамедкалиевич 2024 жылғы 12 тамыздан бастап «Кселл» АҚ Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі лауазымына сайлансын.

16 тамыздағы жағдай бойынша «Кселл» АҚ Басқармасының құрамы келесідей:

  1. Жамбакин Аскар Серикович – Бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы
  2. Рахметов Сабигат Маратович – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры.
  3. Шайхин Даурен Мухамедкалиевич– Басқарма мүшесі, корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор
  4. Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
  5. Ибраев Данияр Кадылханович – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор.
  6. Цой Ольга Вячеславовна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
  7. Амардинов Малик Алимжанович – Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор.

Басқарманың жаңа мүшелерінің қысқаша өмірбаяндары төменде келтірілген:

Рахметов Сабигат Маратович ҚМЭБИ университетінің қаржы мамандығы бойынша түлегі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры, сондай-ақ Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz инвестициялар және стратегия тобының директоры қызметін атқарған қаржыда үлкен тәжірибесі бар.

Шайхин Даурен Мухамедкалиевич қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың түрлі функционалдық салаларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Корпоративтік стратегияларды құрды және іске асырды, компаниялардың қаржылық портфельдерін және операциялық процестерді жақсартып, пайданың өсуіне қол жеткізді. The University of Chicago booth school of business MBA дәрежесі бар. Осы уақытқа дейін Қазақстан, Атырау, Sicim Kazakhstan ЖШС Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі қызметін атқарды.

Анықтама үшін:

Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға

Дамир Муллашев

investor_relations@kcell.kz

Kcell туралы

Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.

Scroll to Top