Алматы, 16 шілде 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларына Қоғамның Директорлар кеңесі келесі шешімдер қабылдағанын хабарлайды:
2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы Асхат Архатұлы Өзбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын;
Асқар Серікұлы Жамбакин 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайлансын.
Корпоративтік мәселелер жөніндегі Бас директор, «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі Азамат Дәулетұлы Үйсімбаевтың өкілеттігі 2024 жылғы 10 шілдеде мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Асқар Серікұлы Жамбакин – Бас атқарушы директор, Басқарма Төрағасы;
- Муллашев Дамир Шамильевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
- Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
- Ибраев Данияр Қадылханұлы – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
- Цой Ольга Вячеславовна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Амардинов Мәлік Әлімжанұлы – Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор.
Біздің командамызға жаңа Басқарма Төрағасы Асқар Серікұлы қосылды. Оның кәсіби тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері Kcell-дің одан әрі өсуі мен дамуына белсенді ықпал ететініне сенімдіміз.
Қоғам Асхат Архатұлы мен Азамат Дәулетұлына атқарған еңбектері үшін зор алғыс білдіреді.
Басқарманың жаңа мүшесінің қысқаша өмірбаяны төменде келтірілген:
Асқар Серікұлы Жамбакин Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломына ие.
Мансабын 2003 жылы «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс технигі қызметінен бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС инженері болып жұмыс істеген. Бизнес-процестердің стратегиясы мен трансформациясымен айналысқан банк саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, «Aitu – Төлем шешімдері» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымдарын атқарды.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: машинааралық өзара ісқимыл саласындағы АТ-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, деректер және бұлтты есептеу, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және өңдеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы жетекші оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнесшешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% – охватыв қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында жақсы жұмыс істеген Kcell және activ брендтерін ұсынады. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеуде В2С сегментінде бизнестің тиімділігін арттыруда.