Алматы, 2018 жылғы 1 маусым – «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, 2018 жылғы 30 мамырда болып өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында («AGM»), АЖЖЖ № 11 хаттамасы, Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Фредрик Ниссен мырзаның сайлануы туралы хабарлайды.
Fintur Holdings B.V. акционерінің өкілі – Фредрик Ниссен мырза 2018 жылғы сәуір айында өз өкілеттігін тоқтатқан Ингрид Мария Стенмарк ханымның орнына «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2018 жылғы 30 мамырдағы ахуал бойынша «Кселл» АҚ директорлар кеңесінің құрамы:
- Иан Рудберг – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Уильям Эйлуорд – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Владимир Смирнов – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Дуглас Луббе – Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Эмиль Нильссон – Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Питер Лав – Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Фредрик Ниссен – Директорлар кеңесінің мүшесі.
Фредрик Ниссен мырзаның өмірбаяны
Фредрик Ниссен мырза 2015 жылдан бастап Telia AB компаниясының Еуразия аймағы бойынша вице-президенті болып табылады. Ниссен мырзаның телекоммуникациялық секторда, соның ішінде Африкадағы Vodacom (2011-2015 жж.) және Солтүстік Еуропа мен Азия елдеріндегі Telenor (1996-2011 жж.) компанияларында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ниссен мырза әр түрлі басқарушы және стратегиялық лауазымдарды иеленді, оның міндеттер аясына мобильді, тиянақталған, сондай-ақ кең жолақты байланыс қызметтерімен жұмыс істеу кірді. Ниссен мырза сондай-ақ Vodacom, Telia Company және Helios Tower Tanzania сияқты мобильді байланыс операторларының көптеген еншілес компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына енді. Қазіргі уақытта Ниссен мырза Roshan компаниясының (Ауғанстан) Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Ниссен мырзада Лунд қаласындағы Технологиялық институттың электронды инженерия саласындағы магистрі дәрежесі және Стокгольм экономика мектебінің басшыларына арналған МВА магистрі дәрежесі бар.
Анықтама үшін
| «Кселл» АҚ | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.