Қазақстанда Big Data сегментінде үлкен серпіліс болған жоқ, бірақ бұл алдағы 2-3 жылда болады деп күтілуде. Бұл туралы 28 маусымда Еуразиялық Әйелдер бизнес-форумы аясында «Кселл» корпоративтік департаментінің маркетинг жөніндегі менеджері Татьяна Плотникова мәлімдеді.
«Кселл» өкілінің айтуынша, әрбір компания деректермен жұмыс істегеннен кейін әр түрлі нәтижелер алады, бірақ барлығы оң үрдістерді атап өтеді.
«Белгісіздік дәуірінде бір жағынан тек ішкі түйсікке сүйенуді тоқтату, екінші жағынан — қолда бар ақпараттан барлық сұрақтарға жауап алуға тырыса отырып, аналитикалық әлсіреуге жол бермеу маңызды. Қақ ортасы — бұл дамыған сараптау оған қоса үлкен деректердің және шағын деректер (small data) деп аталатындарға негізделген инсайттардың көмегімен заңдылықтарды іздеу. Әр түрлі бағалаулар бойынша мұндай тәсіл бизнестің өнімділігінде 4-тен 33 пайызға дейін өсімді береді», — деп атап өтті өз сөзінде Татьяна Плотникова.
Сараптау — бұл үлкен деректер емес. Олар сатуды басқаруға, орташа чекпен, когорттық талдау, юнит-экономика және ауытқуларды талдау арқылы клиенттерді тарту құнымен жұмыс істеуге көмектеседі.
«Шағын бизнесте үлкен деректер жоқ және болуы мүмкін емес. Себебі бұл телеком-операторлар, банктер және интернет-алыптар сияқты үлкен клиенттік базамен жасалатын құрылымдалған және құрылымдалмаған ақпарат базасы. Біріншісінде тәуліктің кез келген уақытында геолокация туралы деректер, мүдделер, шетелге шығу, табыс деңгейі және т. б. бар. Банктерде — клиенттің толық қаржылық бейіні және олардың сатып алу артықшылықтары бар. Интернет-алыптар әлеуметтік-демографиялық бейінде күшті, өйткені интернет-пайдаланушылар контентті жасайды, түрлі сайттарға кіреді, іздеу сұрауларын және т. б. енгізеді. Бұл компаниялар тіпті біздің мінез-құлықты болжай алады», — деді Татьяна Плотникова.
Ол атап өткендей, қазір шағын және орта бизнес иелері компаниядан үлкен деректер негізінде «Кселл-байланыс», «Бизнес-көзқарас» қызметтерді пайдалана алады. Деректер негізінде олар жаңа сату нүктесін ашу немесе бизнесті бастау туралы біле алады. Сондай-ақ, компанияның бизнес шешімдерінің арқасында, өзінің мақсатты аудиториясын нақты түсінуге мүмкіндік бар.
Еуразиялық Әйелдер бизнес-форумы — жаңа экономикалық шынайылық жағдайында болашақты көретіндерге бастар жол. Форум мансап, бизнес және өмірде келесі қадам үшін жаңа көрініс, нақты құралдар мен қуат береді. Соңғы зерттеулердің мәліметтері бойынша* Қазақстандағы әйелдер шамамен жартысы жеке және 42 пайызы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысын қамтамасыз етеді. Сондықтан «Кселл» компаниясы осы іс-шараға қатысуға және кәсіпкер әйелдерді және өз бизнесін ашу туралы шешім қабылдағандарды қолдауға бел буды.