Алматы, 31 мамыр 2019 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Kcell» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2019 жылғы 29 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындыларын хабарлайды.
АЖЖЖ Кселл Директорлар кеңесінің 5,972 млн. теңге немесе Қоғамның 2018 жылғы таза табысының 70 пайызын жылдық дивиденд түрінде бөлу туралы ұсынысын мақұлдады. Дивидендтің жалпы сомасы бір жай акцияға 29,86 теңгені құрайды (бір жай акция бір ЖДҚ-ға сәйкес келеді).
Дивидендтерді төлеу акционерлердің банктік шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. Акционерлердің тізілімі жабылған күнге, яғни 2019 жылғы 2 маусымға (Алматы уақыты бойынша сағ. 00:00) дейін тіркелген акционерлер дивиденд алуға құқылы.
Дивидендтерді төлеу 2019 жылғы 3 маусымнан (Алматы уақыты бойынша 09:00) бастап сексен күн ішінде біржолғы бір төлеммен жүргізіледі.
Қоғамның деректемелері: «Кселл» АҚ; мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы, 100; банктік деректемелері: БСК HSBKKZKX IBAN KZ406017131000016045 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та, Кбе 17 – банктік шоттарға аудару арқылы.
АЖЖЖ қабылдаған басқа шешімдерге келесілер жатады:
– «Кселл» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
– Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлу нұсқаулығын жарамсыз деп тану туралы.
– «Кселл» АҚ 2018 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
– «Эрнст энд Янг» ЖШС 2019-2021 жж «Кселл» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде бекіту туралы.
– «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттары туралы ережені бекіту туралы, сондай-ақ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2019 жылдың 25 қаңтарында (№12 хаттама) сайлаған Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін келесі сыйақы мөлшерлерін бекіту туралы:
- жылдық тиянақталған сыйақы: 75 000 АҚШ доллары (салықтарды шегергенге дейін);
- жылдық қосымша сыйақы: Директорлар кеңесінде төрағалық еткені үшін: 25 000 АҚШ доллары (салықтарды шегергенге дейін);
- жылдық қосымша сыйақы: Директорлар кеңесінің Комитеттерінде төрағалық еткені үшін: 15 000 АҚШ доллары (салықтарды шегергенге дейін);
– «Кселл» АҚ акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне енгізілген өзгерістерді жаңа редакцияда беру арқылы бекіту туралы.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755 ext. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компаниятуралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.