«Кселл» АҚ фермер шаруашылықтарының шығындарын азайтуға және ірі қара мал басының өнімділігін арттыруға көмектесе алатын 3G/NB-IoT технологиясында жануарларды бақылау жөніндегі сынамалық жобаны іске қосты. Сынамалық жоба ретінде қадағалар «Олжа Садчиковское» ЖШС-нің ірі қара малдарына орналастырылған. Болашақта Қазақстан аумағында құрылғылар өндірісін өрістету жоспарлануда.
«Біз ірі қара малдың басын бақылау үшін „ақылды“ шешім ұсынамыз. Арнайы құрылғы жануардың іс-әрекетін талдайды және машиналық оқыту алгоритмінің көмегімен жұмыс істейді. Қадаға мониторингтің бұлтты платформасына жануарлар туралы ақпаратты тұрақты жіберіп отырады. Сонымен қатар құрылғыға GPS-модуль орнатылған, ол жануардың тұрған жерін анықтайды және жоғалған немесе ұрланған малдарды іздеу үдерісін оңайлатады, ол туралы уақытында сигнал береді. Нәтижесінде бір батареядан 3 жылға дейін жұмыс істейтін 3G/NB-IoT трекерлердің көмегімен фермерлер мал басын тиімдірек басқара алатын болады және тіпті сүт саууды 25-30 пайызға арттыруға болады» — деп «Кселл» АҚ-ның нарық бизнесін дамыту жөніндегі директоры, Вадим Лю атап өтті.
Қадағалар күні бойы жануарлардың тұрған жері туралы кешенді ақпаратты жинайды. Кіріктірілген жады мәліметтерді 24 сағат сақтайды. Трекер сиырдың мойнына орналастырылады және автоматты түрде белсендендіріледі. Ол жануардың тұрған жерін қадағалауға ғана емес, сонымен қатар оның репродуктивті кезеңін де бақылауға көмектеседі. Аспап жануардың максималды репродуктивті кезеңін 95 пайызға дейін дәлдікпен автоматты анықтайды. Ал жануарлардың белсенділік деңгейін мониторингтеу сауын сиырлар саулығының мәртебесін бақылауға мүмкіндік береді.
Жоба «Кселл» 2019 жылғы сәуірде Интернет заттары саласында әлеуетті жобалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған KazTechInnovations-пен бірге жүзеге асырылады.
NarrowBandIoT (NB-IoT) — бұл энергия тұтынуы төмен сымсыз технология (LPWA), ол құрылғылардың кең спектрін қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету және ұялы байланыс желілерін пайдалатын қызметтер үшін әзірлген. NB-IoT 3GPP ассоциациясымен анықталған ұялы байланыс стандарты болып табылады.