26 қараша 2019 ж.
«Кселл» АҚ, ҚР аумағында бірінші болып, өз желісінде eSIM инновациялық технологиясын сынақ режимінде енгізді. eSIM (Embedded SIM – «ендірілген SIM карта») – клиентке қызмет көрсету сапасын жақсарту, қызмет көрсету процесін жылдамдату және иелеріне абоненттік құрылғылардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін құрылғыға жазылатын виртуалды SIM-карта профилі. eSIM технологиясымен екі SIM картаны қолдайтын смартфон сатып алудың қажеті болмайды.
Компания барлық клиенттерге жаңа шешімді сынап көруді ұсынады.
Пилоттық іске қосу аясында құрылғысы eSIM-ді қолдайтын әр абонент Kcell Store-ға жолығып, eSIM-ді тегін ала алады. Бұл сондай-ақ құрылғылары осы технологияны қолдайтын iPhone-ның соңғы буынын сатып алғысы келетін клиенттерге де қатысты.
Kcell және activ қызметтеріне тәуліктің кез келген уақытында қосылуға болады, мұнда бастысы – Интернетке қол жеткізу. Оған қоса осы функция жұмыс бабына байланысты жеке нөмірмен қатар қызметтік нөмірге ие абоненттердің көңілдерінен шықпақ, бұл оларды екі смартфонды алып жүру қажеттігінен босатады. Технология (IoT) Internet of Things (Заттар Интернеті) құрылғылары – трекерлер, ноутбуктер, «ақылды үйлер» деп аталатын компоненттерге (дабылдар, сенсорлар, бейнекамералар, тұрмыстық техника және т.б.) үшін перспективалы болып табылады.
Сондай-ақ, смартфон иелері үшін қауіпсіздік мәселесін атап өту керек – құрылғы ұрланатын болса, қайта пайдалану процесі ондағы eSIM есептік жазбасын жойғанға дейін күрделене түседі.
Пайдалану тұрғысынан бұл қарапайым SIM картадан еш айырмашылығы жоқ, ол болашақта пайдаланушыға байланыс салонына бармай-ақ оператордың қызметтеріне қосылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, технология қосымша SIM-картаны eSIM қабылдайтын құрылғыларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Уақыт өте келе абоненттерге бұдан былай оператор салонына барудың қажеті болмайды – қызметтерге My Kcell және My activ мобильді қосымшалары арқылы қосылу мүмкін болады.
Хикматулла Насритдинхождаев, бұқаралық нарықты дамыту департаментінің директоры:
«Kcell өз абоненттері үшін жаңа технологияларды енгізуге талпынады, көптеген елдердегі ұялы байланыс операторлары бұл технологияны енгізіп қойған. Басқа операторлардың абоненттері де желіні ауыстырмастан Kcell және activ қызметтерінің артықшылықтарын көру мүмкіндігіне ие болады. Осы технологияның біз клиенттеріміз үшін ыңғайлы болатынына, сонымен қатар 5G желілерінің келесі мүмкіндіктері тұрғысынан бүкіл саланың дамуына сапалы серпін беретініне сенімдіміз. Ақылды үйлерді, қалаларды дамыту және индустрияны цифрландыру түрінде.
Қазіргі уақытта технологияны қолдану тек алдыңғы қатарлы смартфон модельдерімен ғана шектелген. Алайда, менің ойымша, 4G желілерін іске қосқандағыдай өндірушілер оны құрылғы санатына қарамастан барлық құрылғыларда жылдам қолдана бастайды. Қазіргі уақытта Kcell және Activ желісінде eSIM 200 мыңға жуық құрылғыда пайдаланыла алады және бұл сан жылдан жылға артып келеді».
Асқар Есеркегенов, бас техникалық директор:
«eSIM физикалық SIM картаға қарағанда бізге елеулі экономикалық артықшылық береді. Біз енгізген eSIM абонентті сәйкестендіру барысында деректерді берудің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететіндігі маңызды. Бастапқы кезеңде «электронды» SIM-карталардың саны шектеулі, бірақ қалыптасқан процестер бізге қажетті жеткізілімді жылдам арттырып, тапшылықты болдырмауға мүмкіндік береді».
Технологияның негізін қалаушы – Apple компаниясы eSIM туралы 2018 жылдың қыркүйегінде iPhone XS желісінің тұсаукесерінде жаппай баяндады. Ол M2M (Machine to Machine) және Remote Provisioning деректерді беру мүмкіндіктерін қолдайды. Жақында мұның Apple және Samsung барлық
жетекші смартфондары үшін, ал сәл кейінірек – басқа брендтер үшін стандартқа айналатынына күмән жоқ. Бүгінгі таңда бұл қызмет 30 елде ұсынылған және Қазақстан да осы қатардан қалмайды.
Apple компаниясының ұзақ уақыттан бері смартфондарды жеткізуде «Кселл» АҚ ресми серіктесі болғандықтан eSIM өндірісінде түпнұсқа технологиялар пайдаланылады. Оны шығару шешімін «Кселл» АҚ (IoT) Internet of Things (Заттар интернеті) белсенді дамуына байланысты қабылдады. Алдын ала болжамға сәйкес келесі бірнеше жыл ішінде Internet of Things (Заттар интернет) құрылғылары ұялы телефондарды да басып озып, желілік қосылыстардың ең үлкен категориясына айналады.
Әзірге тек смартфондарды ғана сөз етсек, іс жүзінде мүлдем басқа құрылғылар eSIM пайдасын көрмек. Бұл ретте смартфондар, әрине, бұл тізімнен шығарылмайды, өйткені олар біздің осы құрылғыларды «іске қосуымыздың» және оларды басқаруымыздың негізі болып табылады.
Болашақта компания Smart Watch сияқты инновациялық технологиялар мен басқа да гаджеттерді қолдануды жоспарлап отыр.
eSIM қосылған құрылғылардың толық жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, шектеулері аз құрылғылардың жаңа санаттарын құруға мүмкіндік береді.
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Олжас Бибанов, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы
+7 701 211 7777, 8 /7272/582-755, 1905, www.kcell.kz, www.activ.kz, pressa@kcell.kz