Алматы, 21 қараша 2019 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялар нарығының жетекші операторы, өз акционерлері мен инвесторларына Компанияның директорлар кеңесінің 2019 жылдың 18 қарашасында Еуразиялық даму банкімен несиелік шартқа несиені қаржыландыру шарттарына енгізілген келесідей түзетулер бойынша қосымша келісім жасасу туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды:
- Несие мерзімі 90 айға дейін, яғни 2024 жылдың 20 маусымына дейін ұзарту;
- Кредит желісінің лимитін 34 000 000,000 теңгеден 38 142 330,000 теңгеге дейін арттыру
- несиенің қолжетімділік мерзімін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін орнату;
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр тоқсанның қорытындысы бойынша есептелген таза қарыз/EBITDA қарым-қатынасы бойынша қаржылық ковенант 3,0 аспауы тиіс екендігі орнатылсын.