Алматы, 2023 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші операторлардың бірі «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 мекенжайы бойынша 2023 жылғы 18 мамырда сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) өтетін «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы Директорлар кеңесінің шешімі туралы хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.
Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы бетпе-бет кездесу тәртібімен өткізілетін болады.
Егер жиналыс көрсетілген күні өтпесе, ол 2023 жылғы 30 мамырға Алматы уақыты бойынша сағат 11:00-ге ауыстырылады.
2023 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі акционерлер ретінде тіркелген акционерлер жылдық жалпы жиналысқа қатысуға құқылы. (Алматы уақыты бойынша 00:00).
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Сенім білдірілген адамдар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат ұсынуы қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- «Кселл» АҚ-ның 2022 қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту туралы және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды акционерлер танысу үшін жиналыс өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей: акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұрау салуды materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжай бойынша жіберу арқылы немесе Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Әлімжанов көшесі, 51 мекенжайында «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша ала алады. Құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді.
Байланыс
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
+77012404694
Компания туралы
Kcell-цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл саласындағы ат-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және деректер өңдеу және бұлтты есептеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы жетекші оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания В2В нарығында тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ын қамтиды және жоғары сапалы қызметтерді қамтамасыз етеді.
Компания Kcell және activ брендтерін ұсынады, олар тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында зор бәсекелестік танытуда. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін басқаруға және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеу есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.