Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан FinturHoldings B.V. және Telia Sonera Kazakhstan Holding B.V. өкілдерінің шығуы

 

Алматы, 2желтоқсан 2018 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы ("Кселл«немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Fintur Holdings B.V. және TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V. акционерлерінің өкілдері — Дуглас Луббенің, Эмиль Нильссонның, Фредрик Ниссеннің және Питер Лавтың Қоғамды 2018 жылғы 21 желтоқсаннан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан шығатындықтары жөнінде хабардар еткендігі туралы хабарлайды.

2018 жылғы 21 желтоқсандағы ахуал бойынша, Кселл Директорлар кеңесінің әрекет ететін мүшелері мыналар болып табылады: Иан Рудберг — Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; Уильям Эйлуорд — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Владимир Смирнов — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Байланыс деректері

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

тел: +7 727 2582755 ішкі1002

Investor_relations@kcell.kz

   

БАҚ

Наталья Еськова

тел: +7 727 2582755 ішкі1902

Pressa@kcell.kz

   

Халықаралық БАҚ

 

Instinctif Partners

тел: +44 207 457 2020

Кэй Ларсен, Галина Кулачек

 

Компания туралы

Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR(жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcellакционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллиондана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4Gжелісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселлөз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.