Жаңа бас атқарушы директорды тағайындау

 

Алматы, 24 желтоқсан 2018 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) — Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторы Директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанытуралы хабарлайды:

  1. Мансурджон Хамидовтың «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылсын және 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Дамир Жанбакиев «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры болып тағайындалсын.
  2. Дамир Жанбакиевтің «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры қызметіндегі өкілеттігінің мерзімі болып «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі жаңа бас атқарушы директорды сайлау туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзім белгіленсін.

Сұраныстар үшін:

Kcell

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

Тел: +7 727 2582755,қос. 1002

Investor_relations@kcell.kz

БАҚ

Наталья Еськова

Тел: +7 727 2582755, қос. 1902

Pressa@kcell.kz

   

Халықаралық БАҚ

 

Instinctif Partners

Тел: +44 207 457 2020

Кэй Ларсен, Галина Кулачек,

Эдриан Даффилд

 

Компания туралы

«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында «Кселл» АҚ Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10.50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының «Kcell» АҚ акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

Алдағы уақытта «Кселл» АҚ Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. «Кселл» АҚ өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.