«Кселл» АҚ акционерлері құрамының өзгергені туралы ақпарат

Алматы, 24 желтоқсан 2018 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) — Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторы «Кселл» АҚ дауыс беруші акцияларының он және одан да астам пайызына иелік ететін акционерлері құрамының өзгергені туралы ақпаратты ұсынады:

  1. Эмитенттің дауыс беруші акцияларының он және одан да астам пайызына иелік ететін акционерлер құрамының өзгерген күні (өзгерістерді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу күні) — 21 желтоқсан 2018 жыл.
  2. Акционерлер құрамына енгізілген заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері — «Қазақтелеком» АҚ, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Сауран к-сі, 12.
  3. Акционерлер құрамынан шығарылған заңды тұлғалардың толық атауы мен орналасқан жері — «Финтур Холдингс Б.В.» (Fintur Holdings B.V.) жабық түрдегі серіктестігі, Родезанд 34 К, 3011AN Роттердам, Нидерланд. TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V., Родезанд 34, 3011AN Роттердам, Нидерланд.

Сұраныстар үшін:

Kcell

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

Тел: +7 727 2582755, доп. 1002

Investor_relations@kcell.kz

БАҚ

Наталья Еськова

Тел: +7 727 2582755, доп. 1902

Pressa@kcell.kz

   

Халықаралық БАҚ

 

Instinctif Partners

Тел: +44 207 457 2020

Кэй Ларсен, Галина Кулачек,

Эдриан Даффилд

 

Компания туралы

«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында «Кселл» АҚ Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10.50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының «Kcell» АҚ акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

Алдағы уақытта «Кселл» АҚ Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. «Кселл» АҚ өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.