«Кселл» АҚ акционерлердің 2018 жылғы Жылдық жалпы жиналысының нәтижелері туралы хабарлайды

Алматы, 2018 жылғы 1 маусым – «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, 2018 жылғы 30 мамырда болып өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелерін жариялайды.

АЖЖЖ Кселл Директорлар кеңесінің 11 678 млн. теңгені немесе Қоғамның 2017 жылғы таза кірісінің 87 пайызын жылдық дивиденд түрінде бөлу туралы ұсынысын мақұлдады. Дивидендтің жалпы сомасы жалпы есептегі бір жай акцияға шаққанда 58,39 теңгені құрайды (бір ГДР бір жай акцияға сәйкес келеді).

Дивидендтерді төлеу акционерлердің банктік шоттарына қаражат аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Дивиденд алуға 2018 жылғы 31 мамырда (Алматы уақыты бойынша сағ. 01:00) акционерлер тізілімі жабылған күндегі ахуал бойынша тіркелген акционерлер құқылы болады.

Дивидендтер 2018 жылғы 1 тамыздан (Алматы уақыты бойынша сағ. 09:00) бастап, бір рет және бір төлеммен төленеді.

Қоғамның деректемелері: «Кселл» АҚ, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Самал-2 ықшамауданы, 100-үй; банктік деректемелері: БСН 980540002879, БСК KZKOKZKX IBAN KZ539261802102350000, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, БеК 17.

АЖЖЖ қабылдаған басқа шешімдер 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен Тәуелсіз аудитор есебін бекітуді, сондай-ақ «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлауды қамтиды. Fintur Holdings B.V. акционерінің өкілі Фредрик Ниссен мырза Ингрид Мария Стенмарк ханымның орнына «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Акционерлер сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері мен Атқарушы органына төленетін сыйақы мөлшері мен құрылымы туралы ақпаратпен танысты. 2017 жылы Директорлар кеңесі акционерлерден Қоғам мен оның басшыларының қызметіне қатысты ешқандай сұрақ алған жоқ.

Анықтама үшін

«Кселл» АҚ

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002

Investor_relations@kcell.kz

БАҚ

Наталья Еськова

Тел: +7 727 2582755

Pressa@kcell.kz

   

Халықаралық БАҚ

 

Instinctif Partners

Тел: +44 207 457 2020

Кей Ларсен / Галина Кулачек

 

Компания туралы

Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.