«Кселл» АҚ акционерлері мен инвесторларының назарына арналған ақпарат

 

Алматы, 10 наурыз 2014 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан былай – Компания немесе Кселл) (LSE, KASE: KCEL), Компанияға қарсы сот ісінде 1-ші сатыдағы соттың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан былай - БҚА) пайдасына шешім шығарғандығын хабарлайды. Іс Activ брендісімен көрсетілетін «Күндізгі лимитсіз» тарифтік жоспары бойынша есептеу механизміне және Kcell брендісінде абонент теңгерімінің 0-ге жеткенінде қызмет көрсетуді тоқтатпауына қатысты монополияға қарсы заңнама бөлігіндегі мүмкін болатын бұзушылыққа қатысты. БҚА Компания тұтынушылардың құқықтарын бұзуға әкелген басымдық жағдайды теріс пайдаланған деп айып тақты. Сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 147 бабының 3 бөлігіне сәйкес 16 054 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұлды қолдады. Шешім 2014 жылдың 7 наурызында жарияланды, осы баяндама сәтінде іс туралы толық ақпаратты қамтитын сот қаулысы шығарылмаған болатын.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді. Компания Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстегі соңғы өзгерістерді есепке ала айыппұлдың (оның қолданылатын жағдайында) соттың қазір қолданғанындай тұтастай дауыстық қызметтерден түсетін табыстың 10% емес, бұзушылық аймағынан алынған табыстың  10% көлемінде болуы тиіс екендігіне сенімді.

Компания айыппен және сот шешімімен келіспейтіндіктен шешімді дауламақ және өз позициясын қорғамақ.

 

Байланыс деректері

 

Инвесторлармен байланыс

 

Ирина Шоль

Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1205

Investor_relations@kcell.kz

 

 

Медиа

Наталья Еськова

 

Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1902

Pressa@kcell.kz

 

 

Халықаралық медиа

 

College Hill

Tel: +44 207 457 2020

Леонид Финк, Тони Френд, Кэй Ларсен

 

 

Компания туралы жалпы мәлімет

Kcell Қазақстан Республикасының табыс көлемі мен абоненттер саны жағынан нарық үлесіің жетекші ұялы байланыс операторы болып табылады. Ол қызметін 1998 жылдан бері жүргізіп келеді және 2013 жылдың 31 желтоқсанында абоненттер саны шамамен алғанда 14,3 млн. адамға жуық құраған, бұл компания бағасына сәйкес нарық үлесінің 46,2% құрайды. 2013 жылғы нәтижелер бойынша Компания бағасына сәйкес оның табыс көлемі бойынша жалпы үлесі 54% құраған.

Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтер, сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.

2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды. TeliaSonera тікелей немесе жанама түрде компанияның 61,9% жай акциясына ие.

Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюға инвестиция құюды жалғастырмақ. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда.