Алматы, 2023 жылғы 14 сауiр – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші операторлардың бірі «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) 2022 жылдың 4 тоқсаны мен 12 айының қаржылық нәтижелерін ұсынды.
Өткен жылдың басындағы қиындықтарға қарамастан, Компания негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсімді көрсетті. Kcell өз цифрлық экожүйесін, мобильді қаржылық сервистерді, B2B сегментті және девайстарды бөлшек сауданы дамыту есебінен оң динамиканы сақтап қалды. Компания акцияларының құны өсуінің негізгі драйверлерінің бірі 5G жиілік аукционындағы Kcell жеңісі болуы тиіс.
Қаржылық көрсеткіштердің өсуі
2022 жылдың 12 айында жалпы кіріс көлемі 12,8% -ға өсіп, 221,2 млрд теңгені құрады, сервистік кіріс 12% -ға 173,6 млрд теңгеге дейін өсті, EBITDA көрсеткіші біржолғы шығындарды есепке алмағанда 10,3% -ға – 90,8 млрд теңгеге өсті. EBITDA бойынша өтімділігі 42,0% дейін өсті. 2022 жылдың 12 айында таза кіріс 24,1% – 40,3 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы қаржылық және операциялық көрсеткіштер өсімінің негізгі драйвері сервистік түсім, сондай-ақ маржиналды стримдерге баса назар аудару болды. B2B сегментінде 14 индустриялық жоба, оның ішінде Private LTE жеке меншік желілерін салуға бағытталған жобалар жүзеге асырылды. B2C сегментінде маржиналдық тарифтер портфелін оңтайландыру, CVM жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңде роумингтен түсетін кірістер есебінен өсті.
Девайстар мен аксессуарларды сатудан түскен түсім тұрақты өсімді көрсетіп келеді. 2022 жылы орташа чектің ұлғаюы есебінен 24% өсімге қол жеткізілді. Негізгі факторлар келесілер болды: премиалды смартфондарды сатудағы үлестің өсуі, сондай-ақ ассортименттік желіні кеңейту есебінен аксессуарлар мен гаджеттерді сатудың өсуі болды.
Желіні дамыту және байланыс сапасын жақсарту
2022 жылы Компания 41,6 млрд теңге инвестиция салды, олардың басым бөлігі желіні жаңартуға бағытталды. Байланыс сапасын жақсарту бағдарламасы аясында 1272 базалық станцияда жабдықтар орнатылып, жаңартылды және инсталляциялық жұмыстар жүргізілген жергілікті жерлерде деректерді беру жылдамдығының 40% -ға дейін ұлғаюы тіркелді.
Ауылдық жерлерде халықты мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін 604 сайт (серіктестер сайттарын қоса алғанда) іске қосылды. Компания 246 базалық станцияны іске қосу және апгрейд есебінен жаңа жабынды қамтамасыз етіп, желіні жақсартты. Бұл ретте оператор міндеттемелерден тыс 119 сайт орнатты, сондай-ақ 13 сайтты жерсеріктен жердегі трансмиссияға ауыстырды.
5G-мен технологиялық көшбасшылық
2022 жылдың соңында Компания «МТ-С» ЖШС-мен консорциум құрамында (Altel және Tele2 брендтері) жиілік аукционын жеңіп алып, Қазақстанда бесінші буын желісін салу бойынша міндеттемелер алды. Осының есебінен Kcell өзінің жиілік активтерінің базасын едәуір жақсартуда, бұл деректер трафигіне өсіп келе жатқан сұранысты басқару және монеталау үшін шешуші мәнге ие. 5G-ге лицензияны және жаңа спектрге және уақтылы қол жеткізуді оператор алдағы 5 жылда жоғары ARPU-ға ие сегмент клиенттері үшін күрестегі басты дәлелдер ретінде қарастырады. Компания желі құрылысының белсенді кезеңінде тұр. Бүгінгі таңда желі Алматы (18 локация), Шымкент (10 локация) және Түркістан (9 локация) қалаларында жұмыс істейді.
Стратегияны іске асыру
Kcell стратегияның негізгі бағыттарын жүзеге асыруда табысты ілгерілеуде: бақытты абоненттер, бақытты қызметкерлер, риза акционерлер. cNPS клиенттік адалдық индексінің деңгейі абоненттер үшін сапаны, қызметтер спектрін және клиенттік тәжірибені арттыру есебінен 29% -ды құрады. Бұдан басқа, Kcell қызметкерлердің өмір сүру сапасы мен жұмыс сапасы бойынша жұмыс істеуді жалғастыруда – қызметкерлердің eNPS адалдық индексінің деңгейі 37% -ды құрады. Компанияның акционерлік құны кірістер мен рентабельділікті арттыру есебінен өсті.
Байланыс
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Investor_relations@kcell.kz
+77012404694
Компания туралы
Kcell-цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл саласындағы ат-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және деректер өңдеу және бұлтты есептеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы жетекші оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания В2В нарығында тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ын қамтиды және жоғары сапалы қызметтерді қамтамасыз етеді.
Компания Kcell және activ брендтерін ұсынады, олар тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында зор бәсекелестік танытуда. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін басқаруға және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеу есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.