Алматы, 2 қараша 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (KASE, AIX: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы ұялы байланыс операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын Компанияның Директорлар кеңесі 2021 жылғы 29 қазанда сыртқы қаржыландыруды тартуды және «First Heartland Jusan Bank» АҚ-мен 60,5 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік лимиттің жалпы сомасына Ірі Кредиттік Келісім жасасуды мақұлдағаны туралы хабардар етеді.
Осы ірі мәміленің мөлшері Компания активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің 29% -ын құрайды.
Сұранымдар үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен өзара қарым-қатынас | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендтерінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.