«Кселл» АҚ акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесі


 

1. Жалпы ережелер.

1.1.Осы құжат өзгерістері мен толықтырулары ескерілген Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-И “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына (бұдан ары «Заң»), Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне және  «Кселл» АҚ  (бұдан ары «Қоғам») Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2.Осы құжатта қолданылатын терминдердің келесі мағыналары бар:

Директорлар кеңесі Қоғамның Директорлар кеңесін білдіреді;                                                

Бас атқарушы директор Қоғамның бас атқарушы директорын білдіреді;

ХҚЕС Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын білдіреді; 

Акция ұйымдастырылған нарықта саудаға жатпайтын (сатылмайтын) Қоғамның орналастырылған жай (дауыс беретін) акцияларын білдіреді;

Акционер кез келген Акцияның меншік иесін білдіреді.

1.3.Осы құжаттың ережелері Қоғам акцияларды (а) Қоғамның осындай Акцияларды қайта сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін өзге мақсаттарда Қоғамның бастамасы бойынша  немесе (б) Заңда көзделген жағдайларда Акционердің талап етуі бойынша сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу үшін қолданылады.   

1.4.Қоғамның Акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алуы Директорлар кеңесінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.   

1.5.Қоғамның Акцияларды Акционердің талап етуі бойынша сатып алуы  Заңда нақты белгіленген жағдайларда, Акционердің Бас атқарушы директор атына жіберген жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылуы тиіс, өтініште:  (а) Қоғамға Акцияларды сатып алу туралы нақты талап, (б) осындай талапты негіздеу, (в) Акционерге тиесілі және Қоғамның сатып алуына жататын Акциялардың саны және түрі және (г) Акционердің мекенжайы мен байланыс телефондарының нөмірлері қамтылады.

1.6. Қоғамның Акцияларды сатып алу рәсіміне қатысты қолданылатын ережелері мен шектеулері Заңның талаптарына сәйкес белгіленеді.   

2. Тәсілдері

2.1.Акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алу

Қоғамның Акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алуы Директорлар кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Қоғамның өз қалауы бойынша тағайындаған тәуелсіз бағалаушының белгілеген бағасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.    

2.2.Акцияларды Акционердің талап етуі бойынша сатып алу

Қоғамның Акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алуы акциялардың теңгерімдік құны бойынша жүзеге  асырылады.

Әр Акцияның теңгерімдік құны мына формула бойынша есептеледі:   

BV = (Е - L)/ N, мұндағы:

BV әр Акцияның теңгерімдік құны;

Е есептеу жүргізілген тоқсанның басындағы Қоғам акционерлік капиталының теңгерімдік құны;

есептеу жүргізілген тоқсандағы Қоғамның болжамды шығындары;

Қоғамның сатып алған Акцияларынан басқа, барлық орналастырылған жай (дауыс беретін) акциялардың есептеу жүргізілген күнгі жалпы саны.