Акционерлер


Компания GSM (Global System for Mobile Communications) стандартын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында ұялы телефон байланысын жобалау, құру және желісін пайдалану үшін 1998 жылғы 1 маусымда жауапкершілігі шектеулі серіктестік («GSM Қазақстан „Қазақтелеком“ ААҚ» ЖШС) ретінде құрылды.

Компания коммерциялық операцияларын 1999 жылы тікелей сату және дистрибьютерлер желісі арқылы бастады. 2012 жылғы 2 ақпанға дейін Компания капиталын «Fintur Holdings B.V.» («Fintur» немесе «Негізгі компания») (51 пайыз) және «Қазақтелеком» АҚ («Қазақтелеком») (49 пайыз) иеленді. «Fintur» компаниясының өзі сәйкесінше 58.55 пайыз және 41.45 пайыз қатысу үлестерімен «Sonera Holding B.V.» («Sonera») және «Turkcell Iletisim Hizmetleri A.S.» компанияларының бірлескен иелігінде.

2012 ж. 2 ақпанда Компанияда бұрын «Қазақтелекомға» тиесілі 49 пайыз мөлшеріндегі үлесі «Telia Company» компаниясының еншілес кәсіпорны — «Sonera» компаниясына сатылды.

2012 ж. 1 шілдеде «GSM Қазақстан „Қазақтелеком“ ААҚ» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы 200,000,000 қарапайым акцияны «Fintur» және «Sonera» компанияларына олардың үлестік қатысуына теңбе-тең мөлшерде бере отырып, Компанияның құқықтық нысанын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен акционерлік қоғамға өзгертуді («Құқықтық нысанын өзгерту») бекітті. Жалпы жиналыс сондай-ақ Компания атауын «Кселл» АҚ деп өзгертуді бекітті.

2012 жылғы 27 тамызда Әділет министрлігі Компанияны акционерлік қоғам ретінде тіркеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық нысанды өзгерткен күнгі бөлінбеген пайда Топтың акционерлік капиталы болып, акционерлерге бөлу үшін қолда болуды тоқтатты.

2012 жылғы 13 желтоқсанда Компания Лондон қор биржасында Жаһандық депозитарлық қолхаттарын және Қазақстан қор биржасында қарапайым акцияларын листингтеуді аяқтады. Листингтеу Компанияның акционерлік капиталының 25 пайызын құраған 50 млн акциясын «Sonera» компаниясының сатуын білдіреді.

2016 жылғы 4 мамырда бұрын «Sonera» — ға тиесілі 24 пайыз мөлшеріндегі Компаниядағы үлесі «Telia Company» компаниясының еншілес кәсіпорны «TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V.» компаниясына («TeliaSonera Kazakhstan») сатылды. «Telia Company» компаниясы түпкілікті негізгі компания және Топтың бақылаушы тарабы болып табылады.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ тиісінше TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V. — ден «Кселл» акцияларының 24 пайызын және Fintur Holdings B.V.- ден (Telia Company (58,55 пайыз) және Turkcell (41,45 пайыз) телекоммуникациялық компанияларының бірлескен кәсіпорны) 51 пайызын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.