Бренд тарихы


"Kcell" бренді жаңартылуда!

Kcell 17 жыл бойы өз компаниясын сәтті құруда. Осы уақытта біз өз құрамамызды қалыптастырып, атымызды таныттық. Айналамыздағы әлем күнде құбылуда, технологиялар жетілдіріліп, клиенттердің талаптары артуда. Жетекші орында қала беру үшін біз алға қарай нық қадам басудамыз.

Өзгере отырып, біз бренд көрінісін, бейнесі мен болашағын өзгерттік. Kcell брендінің жаңа философиясы бес тірек ұстанымға негізделген:

  • жаңашылдық,
  • сенімділік,
  • әлеуметтік жауапкершілік,
  • гибкость
  • икемділік пен біз өмір сүріп отырған және жұмыс істеп жүрген елдің бір бөлшегі болу.

Тұтынушыларымызға одан да ашық, мөлдір әрі жақынырақ болу үшін біз өз құндылықтарымызды күшейтіп, сипатымыздың жарқын жақтарын айқындай түстік.

 

Бренд идеясы

Kcell-дің жаңартылған бейнесі түп-тамырын Қазақстанға бойлап, жоғары сенімге ие болады. Өткенін ұмытпастан Kcell болашаққа өзін қазақстандық ұялы байланыс нарығында жаңашыл етуші көпір салуда.

Біз пайдаланушыларымыздың қажеттіктерін қанағаттандыру үшін икемді шешім қабылдау жолында идеялар тудырып, оларды өмірге ендірудеміз.

Біз өмірді қолдың ұшымен-ақ жеңілдету үшін жұмыс істейміз. Жергілікті оператор бола отырып, өзіміз тұрып жатқан елді өркендетумен және инвестициялаумен қатар біз ең жаңа технологияларды, достық қызмет пен инновациялық ыңғай ұсына аламыз.

 

Бренд құндылықтары

Жаңартылған брендінің негізгі құндылықтары жаңашылдық, сенімділік, икемділік, әлеуметтік жауапкершілік пен қазақстандық тамырға қатыстылық.

  • Жаңашылдық: Kcell технологиялық инновацияларды ендіріп, өз абоненттерінің күткендерінен асып түсуде.
  • Сенімділік: Компания өз клиенттерін ең ауқымды сапалы әрі тиімді байланыспен қамтамасыз етуде.
  • Икемділік: Kcell абоненттермен әрдайым байланыста, сондықтан оларға қажет шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруда.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Ұлттық тамыр мен мәдениетті қастерлей отырып, компания Қазақстанның мәдени және қоғамдық дамуына үлес қосуда.
  • Біздің біреуіміз болу: Kcell құрамасы мен оның тұтынушылары – бір елдің азаматтары. Компания қазақстандықтардың қарым-қатынас пен бизнесті жүргізудің мүмкіндіктері жөніндегі түсініктерін әрдайым өзгертіп, қоғам игілігіне жұмыс істеуде.

 

Бренд бейнесі

Жаңа бейне Kcell құндылықтарының жаңа көрінісі болды. Ол XXI ғасырдың жаңа заманшылдығы мен күш-қуатына толы. Оның жарқын, инновациялық, бірегей дизайны өзіндік тарихты – Kcell тарихын қамтыған.

Қою күлгін түсті тас ішкі жан дүниемізбен байланыс белгісі. Тас – біздің түп тамырымыздың белігісі, ол біздің мұрамызды, адами құндылықтарымыздың көрінісі. Әр қайсымыздың әрбәр тас сияқты қайталанбас сипатымыз бар, бірақ біз тағдырымызды қосқан жер ананың бір бөлшегіміз. Тас құрамы жүректерімізді қосады. Оның бекемдігінде біздің бірлігіміз. Оған қол тигізе отырып, біз одан күш-қуат аламыз.

Логотип түсі – Kcell-дің жарқын болашағының белгісі. Қою, қанық күлгін түс өзіне қызыл әрі көк түстердің ең жақсы қырларын бойлаған. Ол өзіне қызыл түстің құмарлығы мен қуатын, көк түстің даналығы мен сенімділігін сұрыптап алған. Спектрдің басқа түстерінің арасынан ерекше байқалатын ол жасампаз жігерге ие болып, шабыт береді.