Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінде тиімді жол жүру маусым айының соңына дейін ұзартылады.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында жол ақысын екі есе арзан төлеуге болады!
Жол ақысын Activ/Kcell қосымшасындағы QR бойынша ұялы телефон теңгерімінің көмегімен төлеңіз де, бірден теңгеріміңізге төлем сомасынан 50% кэшбэк алыңыз*
Кэшбэк алу үшін:
– Автобус ішінде орналасқан Visa QR кодты аctiv/Kcell қосымшасы арқылы сканерлеңіз;
– Төлемді растаңыз және бірден activ/Kcell қосымшасында көрсетілетін электрондық жол жүру билетін алыңыз
Қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көлік құралы салонының ішінде Visa QR коды бар жапсырмалар орналасқан барлық қалалық маршруттарда қолжетімді. Төлеу сәтінде абонент теңгерімінде операцияны жүргізу үшін жеткілікті сома болуы тиіс, төлемді алғытөлемдік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер ғана жүргізе алады.
Естеріңізге сала кетейік,
Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Атырау, Ақтау, Қостанай, Түркістан қалаларында Activ/Kcell қосымшаларындағы Visa QR бойынша төлеген жағдайда қоғамдық көлікте жол жүру ақысының 25% – на дейінгі кэшбэк беріледі.
* Кэшбэк күніне бір нөмір бойынша 2 төлемге есептеледі.
«Visa QR-мен Кэшбэк» науқанының шарттарымен толығырақ мына жерде танысуға болады.