
Компания тарихындағы негізгі оқиғалар
- 1 маусым – «GSM (Джи Эс Эм) «Қазақстан ААҚ» ЖШС құрылуы.
- 8 маусым – Компания GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға мерзімсіз мемлекеттік лицензия алды.
- 7 ақпан – Kcell брендін іске қосу.
- 9 қыркүйек – activ брендін іске қосу.
- 18 қыркүйек – Компания Қазақстан Республикасындағы мобильді құрылғылардан Интернет желісіне қолжетімділігі бар алғашқы мобильді байланыс операторы болды.
- Қыркүйек – мультимедиялық хабарламаларды (MMS) тарату қызметінің іске қосылуы.
- 13 қыркүйек – Компания GPRS-роуминг қызметін ұсынатын алғашқы қазақстандық оператор болды.
- 26 тамыз – Компанияның лицензиясы қайта қаралды және GSM-1800 желісін пайдалану құқығымен толықтырылды.
- 1 желтоқсан – Астана және Алматы қалаларында 3G желісін коммерциялық пайдаланудың басталуы.
- 2 ақпан – «Қазақтелеком» АҚ-ның Sonera Holding B.V. қатысу үлесін сату бойынша мәмілені аяқтауы.
- 27 тамыз – Компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрылуы және атауын «Кселл» АҚ-ға ауыстыруы.
- 29 қараша – KASE-те «Кселл» АҚ жай акцияларының айналысының басталуы.
- 13 желтоқсан – LSE-де жаһандық депозитарлық қолхаттар листингінің аяқталуы.
- 15 сәуір – «Кселл» АҚ Қазақстандағы iPhone ресми дистрибьюторы болды.
- Қыркүйек – activ сауда маркасының ауқымды ребрендингінің басталуы.
- 16 қараша – Kcell/active мобильді қосымшасының іске қосылуы.
- Жыл қорытындысы бойынша Компания Қазақстанның қаржылық емес компаниялары арасындағы салық түсімдерінің көлемі бойынша көшбасшы болды.
- Ақпан – activ сауда маркасының ребрендингін аяқтау.
- Наурыз – Алматыда алғашқы activ брендтік дүкеннің ашылуы.
- 5 қаңтар – Компания ел аумағындағы байланысты жақсарту және сол жылы орын алған 4G және LTE сервистерін іске қосуға дайындалу үшін 700/800 МГц және 1800 МГц диапазонында қосымша жиіліктерді пайдалану құқығына ие болды.
- 1 наурыз – Қазақстанда LTE желісі іске қосылды.
- Маусым – Алматы мен Шымкентте 4G + (LTE Advanced) желісі іске қосылды;
- 1 қараша – Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Компанияға тұрақты болжамы бар «BB» эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін берді.
- 16 қаңтар – Компания 4,95 млрд теңге сомасына KASE облигацияларын орналастырды.
- 21 желтоқсан – «Қазақтелеком» АҚ Telia Company және Fintur Holdings B.V.-ден Компанияның айналыстағы акцияларының 75% -ына ие бола отырып, «Кселл» АҚ акциялар пакеттерін сатып алды.
- 10 қаңтар – «Фридом Финанс» АҚ «Кселл» АҚ акцияларының 10,46% шоғырландырылғанын мәлімдеп, Компанияның ірі қатысушыларының қатарына енді.
- Пандемия кезеңінде 3,5 мың дәрігерге дауыстық байланыс пен интернет-трафик тегін берілді.
- Абоненттерге қашықтықтан оқытудың 400-ден астам веб-сайтына және онлайн-банкингке арналған 27 мобильді қосымшаға тегін қол жеткізу мүмкіндігінің ұсынылуы.
- 16 сәуір – жаңа SIM-карталарды сатып алу және ескі SIM-карталарды ауыстыру, теңгерімді толықтыру және телефонға eSIM орнату кезінде биометрикалық сәйкестендіруді пайдаланатын симкоматтарды (өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын) орнату жобасы іске қосылды.
- 14 маусым – LSE және AIX-те жаһандық депозитарлық қолхаттардың делистингін аяқтау.
- Шілде – «First Heartland Jusan Bank» АҚ және Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп OGO Finance қаржылық қызмет көрсету желісін іске қосу.
- 30 қыркүйек – «Қазақтелеком» АҚ KASE-те «Кселл» АҚ акцияларының 24% -ын сатты.
- 5 қаңтар – абоненттерді үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету және Үкіметке жәрдем көрсету мақсатында шешімдерді уақтылы қабылдау үшін жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты төтенше жағдай енгізілген кезеңге жедел штаб құру
- 25 ақпан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңінің аяқталуы.
- 12 желтоқсан – Fitch Ratings «Кселл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB +» деңгейінде растады.
- 16 желтоқсан – «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен консорциумда 5G желілерін пайдалануға конкурсты жеңіп алды.
- Желтоқсан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңінің аяқталуы.
- 2023 жылғы 12 наурызда – Алматыда, ал 2023 жылғы 15 наурызда Шымкент қаласында 5G желісі ресми коммерциялық іске қосылды. 5G желісі мынадай жиіліктерде іске қосылды: 3700 – 3800 МГц.
- 2023 жылдың 1 қыркүйегі – клиентке үйдегі интернет қызметін жоғары жылдамдықта 5G желісінде толық жайлылықпен пайдалануға мүмкіндік берген және керексіз кәбіл төсеусіз «Kcell Auleti» тіркелген үй интернеті қызметі іске қосылды.

Бизнес-обзор
- «Kcell Auleti» тіркелген үй интернеті қызметін іске қосу
- Ericsson негізгі өңірлерде, соның ішінде Алматы, Шымкент және басқа облыстарда Kcell-дің негізгі серіктесіне айналды
- Алматы және Шымкент қалаларында 3700-3800 МГц жиіліктерде 5G желісінің ресми коммерциялық іске қосылуы өтті
- Nexign Converged BSS биллингтік жүйесін енгізудің бірінші кезеңін аяқтау
- «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен консорциумда 5G желілерін пайдалануға арналған конкурсты жеңіп алды
- Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңін аяқтау
- Fitch Ratings «Кселл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB +» деңгейінде растады, болжамы – «Тұрақты»
81,79%
Деректер трафигінің жалпы көлемінен LTE трафигі
71,72%
Халықты LTE байланысымен қамтамасыз ету
90,77%
Халықты 3G байланысымен қамтамасыз ету

1. Жалпы ережелер
- 1.1.«Кселл» акционерлік қоғамының (бұдан әрі «Қоғам») осы Жарғысы оның атауын, орналасқан орнын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, оның қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да ережелерін белгілейді.
- 1.2. Қоғамның толық атауы: қазақ тілінде «Кселл» акционерлiк қоғамы.
- 1.3. Қоғамның қысқартылған атауы: қазақ тілінде: «Кселл» АҚ.

Дивидендтік саясат
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және осы Саясатқа сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның тиісті кезеңдегі аудиттелген қаржылық есептілігінің нәтижелеріне сүйене отырып, өткен қаржы жылындағы, тоқсандағы немесе жартыжылдықтағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі және жыл, тоқсан немесе жартыжылдықтағы дивиденд мөлшері туралы ұсыныс дайындайды.
Дивиденд төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивидендтерді бекіту туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның жай акциялары бойынша жылдық дивиденд мөлшері кемінде 50% және Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза ақша ағынының 100% -ынан аспайды (Операциялық және инвестициялық қызметтен түскен ақша ағындары).
Дивидендтерді төлеу Компанияның кредиторлар алдындағы қаржылық ережелерінің бұзылуына әкелмеуі тиіс.
Дивидендтердің ең аз мөлшері операциялық және инвестициялық қызметтен түскен ақша ағынын ескере отырып, өткен қаржы жылындағы таза пайданың 20% (жиырма пайызын) құрауға тиіс.
1. Жалпы ережелер
- 1.1. «Кселл» АҚ дивиденд саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Кселл» АҚ Жарғысына, «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.
- 1.2.Қолданылатын анықтамалар
- Қоғам – «Кселл» акционерлік қоғамы;
- Акционерлер – Акцияларға иелік ететін тұлға;
- Акция – «Кселл» АҚ жай акциясы/ғаламдық депозитарлық қолхат;
- Дивидендтер – Қоғам акционерінің өзіне тиесілі акциялар бойынша Қоғам төлейтін
- кірісі;
- Акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғарғы органы;
- Тіркеуші – Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша кәсіби қызметпен айналысатын ұйым.
- 1.3. Акционерлерге дивиденд төлеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен, Қоғам акцияларын шығару проспектісімен, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімдерімен реттеледі.