Алматы, 18 ақпан 2022 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшы операторларының бірі, Компанияның Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (АЖЖЖ) 2021 жылғы нәтижелер бойынша 21 500 млн. теңге немесе бір қарапайым акция үшін 107,50 теңге құрайтын біріктірілген таза табыстың 66% мөлшерінде жылдық дивиденд төлеуге кеңес бергенін жариялайды.
Дивидендтер алуға құқылы Акционерлердің тіркелімін жабудың болжалды күні — АЖЖЖ өткізілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні (Алматы уақытымен сағ. 00:00). Дивидендтер төлей бастаудың болжалды күні – 2021 жыл нәтижелері бойынша дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізімін бекіткен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні және сексен күнтізбелік күн ішінде.
Дивидендтерді төлеудің ұсынылып отырған тәртібі – бір мезгілде бір төлеммен, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу нысаны төлем агенті – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ арқылы жүргізілетін болады.
Дивидендтің сомасы, дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізілімін жабудың болжалды күні және дивидендтерді төлей бастаудың болжалды күні АЖЖЖ-да Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.
АЖЖЖ өткізу күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.
Байланыс деректері | |
Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер | |
Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.