Алматы, 3 маусым 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL .Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор «Қазақстандағы Қытай Банкі» АҚ-мен кредиттік желі сомасын жылдық 10,3% сыйақы ставкасымен, 2024 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзіммен және қолжетімділік кезеңімен 11 млрд. теңгеден 13 млрд. теңгеге дейін ұлғайту туралы қосымша келісім жасасу туралы хабарлайды.
Сұранымдар үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.