Телеком + Банк + Адалдық: Kcell, Jusan Bank және Mastercard Қазақстанда бірегей жобаны іске қосты

2021 ж. 31 тамыз, Алматы қ. – Бүгін ұялы байланыс операторы Kcell, Jusan Bank және Mastercard халықаралық төлем жүйесі «Kcell және activ мобильді қосымшаларында OGO Банк өнімдері» бірегей бірлескен жобасының іске қосылғанын жариялады: «OGO Card» цифрлық кобрендтелген төлем картасы, «OGO депозит» және жақын арада – «OGO кредит». Жоба ұялы байланыс операторының абоненттеріне Jusan Bank ұсынатын қызметтерге қолайлы және уақтылы қол жеткізу мүмкіндігін көздейді.

Бұл посткеңестік кеңістіктегі ең соңғы инновациялар мен финтех-индустрияның, телеком-сектордың және банк саласының артықшылықтарын біріктіретін алғашқы жоба: телеком-қосымшадағы (SuperApp) өнімдердің қолжетімділігі, IBAN толыққанды дебеттік картаны дереу қашықтан ашу, ұялы телефон теңгерімінен картаны тегін толтыру, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін сыйақы сомасының 10% дейін алу мүмкіндігі.

OGO Card цифрлық картасы пайдаланушыға бүкіл әлем бойынша өзіне қолайлы кез келген тәсілмен, оның ішінде байланыссыз, сондай-ақ ApplePay немесе SamsungPay сервистерінің көмегімен төлеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте карта иесіне Mastercard халықаралық төлем жүйесі өз клиенттеріне беретін барлық артықшылықтар қолжетімді болады – бұл компанияның серіктестері – сауда-сервистік кәсіпорындар желісіндегі науқандар мен ұсыныстар.  

OGO картасының иелері үшін Банк сервистеріне жедел қолжетімділіктің арқасында төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ OGO Депозитін ашу және Банкте OGO Кредит алу мүмкіндігі пайда болады. Бұл ретте өнімді ашқаны және пайдаланғаны үшін клиенттер OGO Bonus бағдарламасындағы бонустармен сыйақы алады, олармен қосымша ішіндегі қызметтерге ақы төлеуге болады. Бонустарды барлық Kcell және activ абоненттерімен бөлісуге, сондай-ақ байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін ұялы телефон теңгеріміне шығаруға болады.

Бонустар төлемдерді OGOCard көмегімен белсенді жүзеге асырғаны үшін, сондай-ақ OGO Депозиті және OGO Кредиті өнімдерін ашқаны, белсендіргені және пайдаланғаны үшін есептеледі. Әрбір осындай операция үшін пайдаланушыға OGO бонустар түрінде ақшаның бір бөлігі қайтарылады. 1 OGO Bonus 1 теңгеге баламалы. OGO Bonus абоненттің Kcell және activ мобильді қосымшалары арқылы ашқан бонустық шотына есептеледі және абоненттің мобильді шотындағы ақша қаражаты болып табылмайды. 

Жобаға қатысушы болу үшін Kcell және activ мобильді қосымшаларының OGO бөлімінде өнімді таңдап, қашықтан биометрикалық сәйкестендіруден өтіп, OGO картасын ашу қажет.

OGO Card, OGO Депозит,  OGO Кредит банктік өнімдеріне Kcell және activ абоненттері болып табылатын, аванстық төлем нысаны бар мобильді оператордың өз атына ресімделген нөмірі бар ҚР азаматтары (жеке тұлғалар) қол жеткізіп, банк өнімдерін ашуға мүмкіндік алады. Бағдарлама туралы көбірек ақпаратты мына жерден алуға болады.

«Біз клиенттерімізге осы бірегей ұсынысты бергенімізге қуаныштымыз. Оны әзірлеу барысында біз финтех-индустрияның ең соңғы жетістіктерін, түрлі нарықтарда табысты іске асырылған ең үздік жаһандық және жергілікті мысалдарды пайдалануға тырыстық. Біздің серіктестеріміз клиенттік тәжірибені жақсартуға және мобильді төлемдерді пайдалануды одан әрі оңай, ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін идеяларымызды іске асыруға көмектесті», – деп атап өтті «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры Юрий Харламов.

«Бұл жобада Jusan Bank технологиялық серіктес және қаржы операторы рөлін атқарады. Біз жобадағы клиенттердің қаржылық операцияларымен байланысты процестерді іске асыруды және қолдауды толық қолға алдық. Өзіміздің ұзақ мерзімді даму стратегиямызда біз өз клиенттеріміз үшін дағдылы түсініктегі банкке қарағанда көбірек болғымыз келетінін анықтадық. Ол үшін біз Jusan брендімен сервистердің қомақты цифрлық экожүйесін құрдық және белсенді түрде дамытудамыз, онда біздің клиенттер тек цифрландырылған банк өнімдерін ғана емес, сонымен қатар маркетплейсті, сақтандыру, инвестициялау қызметтерін де пайдалана алады.  OGO Card, OGO Депозит және OGO Кредит құру жобасы – Jusan Bank-тың инновациялық өнімдерді әзірлеу және енгізу бағытындағы тағы бір қадамы, демек, біздің клиенттеріміздің күтулеріне қарай бір қадам», – деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.

«Қазақстан – Mastercard үшін басым нарықтардың бірі, онда 25 жылдан астам уақыт бойы біз бизнес-серіктестер мен адамдарға төлемдердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновациялар мен технологияларды жүйелі түрде енгізіп келеміз. Біздің миссиямыз – барлығына және әр жерде басымдық беретін цифрлық экономиканы дамыту және күшейту. Біздің пайымдауымыз – бұл қолма-қол ақшасыз әлем, сондықтан компания электрондық төлемдерді дамыту мен қаржылық қызметтерді қолжетімді ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде бизнеске, тұтынушыларға және жалпы елге пайда әкелетін қолма-қол ақшасыз технологияларды дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», – деді Mastercard Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка.

Редакциялар үшін:

«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады. «Кселл» АҚ баспасөз қызметі
+7 701 211 6040

pressa@kcell.kz

Jusan Bank

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) – Қазақстанның ірі банктерінің бірі. Банк әмбебап профильді дамытады, сондай-ақ клиенттерге банктік сервистерден басқа сақтандыру және брокерлік қызметтерді алуға, сондай-ақ Jmart маркетплейсіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеке экожүйені жасайды. Банк банк қызметтерінің барлық спектрін көрсетеді: корпоративтік клиенттерге, бөлшек клиенттерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, Private Banking клиенттеріне. Банк қызметінің географиясы 100-ден астам бөлімшелер мен 850 банкоматты қамтитын өңірлік желінің, сондай-ақ қолданыстағы Jusan және Jusan Business цифрлық сервистерінің арқасында бүкіл Қазақстанды қамтиды. Банктің қаржылық тұрақтылығы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктің бағалауымен расталады – 2021 жылғы маусымда Moody ‘s Investors Service Jusan Bank-қа ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша B1 деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингтер берді. Рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты».

Jusan Bank баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі тел. 1215
E-mail: s.assanova@jusan.kz 

Masterсard — төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Біздің миссиямыз – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ете отырып, барлығына артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және күшейту. Қорғалған деректер мен желілерді пайдалана отырып, серіктестіктер құра отырып және шабыттандыратын нәрселерге сүйене отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтерге және бизнеске өзінің ең үлкен әлеуетін іске асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз және компанияның ішінде және одан тысқары жерлерде жасайтын істеріміз адамгершілік коэффициентіне (decency worldient, DQ) сәйкес анықталады. Біз 210-нан астам елдер мен аумақтарда бизнес жүргізіп, барлығына баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрудамыз.

Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі

Тел: +7 (727) 264 67 37

mastercard@pressclub.kz

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Муллашев Дамир Шамильевич 2003 жылы Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтын (ҚМЭиБ) бітірген. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі - қаржы саласында 20 жыл, оның ішінде 13 жыл басқарушы позицияларда. Мансабын банк секторында бастаған, 2007 жылдан бастап инвестициялық банкте және 2013 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген. Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесін 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы қызметінен бастады. M&A мәмілелерін жасау, телекоммуникациялық активтерді басқару және борыштық және үлестік қаржыландыруды тарту бөлігінде корпоративтік қаржыда үлкен тәжірибесі бар. Дамир Шамильевич Kcell-ге 2022 жылдың қыркүйегінде Бас қаржы директорының орынбасары ретінде қосылды, ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Бас қаржы директоры міндетін атқарды.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Цой Ольга Вячеславовнаның ҚМЭиБ-де алған жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі - коммерциялық секторда түрлі салаларда 17 жыл, оның ішінде 13 жыл басқару позицияларында: 3 жыл FMCG және retail, 8 жыл телекоммуникация саласында, 3 жыл консультациялық бизнесте (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Ибраев Данияр Кадылханович – ҚР ҰҚК Әскери институтының (қазіргі уақытта - ҰҚК Шекара қызметінің академиясы) «Электр байланысы инженері» мамандығы бойынша түлегі, оны 2000 жылы бітірген, әрі қарай 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, «құқықтану бакалавры» біліктілігіне ие болған. 2020 жылдан бастап «Кселл» АҚ-да Стратегиялық даму департаментінің кеңесшісі, одан кейін Қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да еңбек еткен, бұл кезеңге дейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Бас корпоративтік директор

Азамат Уйсумбаев соңғы 12 жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - Қаржы бақылаушысы және «KT Cloud Lab» ЖШС коммерциялық директоры. Телекоммуникация саласына келгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Экономика және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Мәскеу қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МРА&МВА магистр дәрежесіне ие. «Цифрлық Трансформация көшбасшылары» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады. Қазіргі таңда Nazarbayev University-де Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.

Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор

Амардинов Малик Алимжановичтің2 жоғары білімі бар 2008 жылы «Алатау» Қазақстан университетінің Банк ісі академиясын, Қаржы факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжБҚ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі - АТ-да 16 жыл, оның ішінде 12 жыл банк секторында басшы орындарда. Соңғы атқарған қызметтері - Fortebank атқарушы директоры және Fortebank Бас АТ сәулетшісі.

Басқарма Төрағасы, Бас атқарушы директор

Узбеков Асхат Архатович 2000 жылы «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған «Тұран» университетінің түлегі болып табылады. Ол 2022 жылы London Business School-да Executive MBA алды. 2005 жылға дейін Асхат Узбеков «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Салық салу және аудит бөлімдерінде жұмыс істеді, келесі жеті жыл ішінде, 2012 жылдың басына дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазынашылық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды, содан кейін 2 жыл бойы, 2014 жылдың желтоқсанына дейін, «KMG EP International» (Нидерланды) компаниясында қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Асхат Узбеков «Қазақтелеком» АҚ жүйесіне 2015 жылдың қаңтарында келіп, қызметін еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторында қаржы департаментінің директоры қызметінен бастады, 2015 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - бас қазынашысы болды. 2016 жылғы қаңтарда Узбеков мырзаның лауазымдық өкілеттіктеріне «Қазақтелеком» компаниялар тобының қаржылық бақылаушысы міндеттері қосылды, ал 2016 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін ол компанияның бас қаржы директоры лауазымын атқарды. 2018 жылы «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу бойынша мәміле оның қатысуы арқылы жүзеге асырылды.

Кишкимбаева Алия 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

2019 жылдан бастап Кишкимбаева ханым «Қазақтелеком» АҚ Құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. Кишкимбаева ханым «Әділет» Жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген.  

Кишкимбаева ханымның телекоммуникация саласында, сондай-ақ мұнай инфрақұрылымы саласында мол тәжірибесі бар.  Бұрын «Кселл» АҚ, ПетроҚазақстан Инк., "AralParker” ҚАСП ЖАҚ-та жұмыс істеген.

Лезговко Александр 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

А. Лезговко мырзаның телекоммуникация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1999 жылдан «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. 2007 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Бас техникалық директоры қызметін атқарды.  

А.Лезговко мырза Алматы энергетика институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағына ие болды.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Пиетари Кивикко 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Кивикко мырзаның телекоммуникация саласында көп жылдық тәжірибесі бар, ол TeliaSonera және Tele2 басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Ресейдегі Paroc Owens Corning Insulation Materials басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Fexcon Consulting компаниясының басқарушы директоры. 

Кивикко мырзаның Экономика және іскерлік әкімшілендіру мектебінің (University of Turku) Түрку, Финляндия, басқару есебі, коммерциялық құқық және маркетинг мамандығы бойынша Магистр дәрежесі бар.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.