Алматы, 30 желтоқсан 2021 жыл. 2021 жылғы 2021 жылғы 29 желтоқсанда https://blinks.bloomberg.com/news/stories/QY1JVVDWRGG5 порталында орналастырылған Kazakh Investor Group Asks Regulator to Probe Kcell Share Moves жариялыммен танысып, «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Компания) осымен «Кселл» АҚ акцияларының нарықта еркін айналымда екендігін, акциялардың құны сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен айқындалатынын хабарлайды. Компания акциялардың құнына операциялық қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізуден басқа жолмен әсер ете алмайды. KASE-те орналастырылған тоқсан сайынғы қаржылық есептілік 2021 жылы «Кселл» АҚ-ның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізудегі оң серпінді көрсетеді.
Компания шындыққа сәйкес келмейтін және Компанияның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жария таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Компания өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгіну, оның ішінде жариялауға және оны таратуға байланысты Компания шеккен шығындарды өтеу туралы талап қою құқығын өзіне қалдырады.
Сұранымдар үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі. 1002Investor_relations@kcell.kz |
PR | |
Максим Оларь | Тел: +77055752503Maxim.Olar@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.