Алматы, 25 мамыр 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2021 жылғы 24 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындыларын хабарлайды.
АЖЖЖ бірауыздан келесі шешімдерді қабылдады:
- «Кселл» АҚ-ның 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы Жеке және шоғырланған қаржылық есептері (ХҚЕС) бекітілсін.
- «Кселл» 2020 жылғы таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
2.1. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 17 578 млн.теңгені құрайтын шоғырланған таза табыстың 100% дивиденд төлеуге жолдансын.
2.2. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар және жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша бір жай акцияға немесе бір жаһандық депозитарлық қолхатқа 87,89 теңге көлемінде дивидендтер мөлшері бекітілсін.
2.3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізген күннен кейін бірінші жұмыс күнгі 00 сағат 00 минут жай-күйі бойынша дивиденттерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бекітілсін.
2.4. 2020 жылдың қорытындысы бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін бекіткен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні 2020 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар және жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша дивиденттерді төлеудің басталған күні болып белгіленсін. Төлем жүргізу тәртібі белгіленсін – біржолғы бір төлеммен.
2.5. Қоғамның атауы мен деректемелері – «Кселл» АҚ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы, 100 үй. БСН 980540002879, БЖК HSBKKZKX IBAN KZ676010131000050732 «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, Кбе 17.
2.6. Төлем агенті – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, ал «Кселл» АҚ жаһандық депозитарлық қолхаттары бойынша – тікелей Қоғамның төлем агенті арқылы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу нысаны банктік шотқа қаражат аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен бекітілсін.
- «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекітілсін. 2020 жылғы 15 сәуірде бекітілген «Кселл» АҚ корпоративтік басқару кодексінің күші жойылған деп танылсын. «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясымен мына веб-сайттан танысуға болады: https://investors.kcell.kz/kk/article/show/3471/false?navipageId=2499
- Қоғамның Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы есебі назарға алынсын.
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
Галина Кулачек | |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.