Алматы, 3 маусым 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторы 2021 жылғы 31 мамырда 17 578 млн. теңге мөлшерінде жылдық дивидендті немесе бір қарапайым акцияға 87,89 теңге төлейтінін хабарлайды (бір қарапайым акция бір ЖДҚ-ға сай келеді).
2021 жылғы 24 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (АЖЖЖ) 2020 жылғы нәтижелер бойынша 17 578 млн. теңгені немесе бір жай акцияға 87,89 теңгені құрайтын шоғырландырылған таза табыстың 100 пайызын бөліп тарату бөлу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күніндегі – 2021 жылғы 25 мамырдағы (Алматы уақыты бойынша 00 сағат 00 минут) жағдай бойынша жасалды. Дивидендтерді төлеу сомаларды акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы қолма-қол төленбейтін нысанда бір төлеммен жүзеге асырылды.
Анықтама үшін
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.