Алматы, 2023 жылғы 15 қыркүйек «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Кселл» немесе «Компания») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі, өз акционерлері мен инвесторларының назарына 2023 жылғы 8 қыркүйекте «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен несие желісін 50 млрд теңгеден 90,5 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы ірі мәміле (2023 жылғы 15 ақпандағы Несиелік желіні ашу туралы жеке келісімге № 1 қосымша келісім) жасасып, бұл Компания активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 26,9% -ын құрайтыны туралы ақпаратты жеткізеді. Несиелік желінің нысаналы мақсаты қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру үшін қарыз қаражатын пайдалану мүмкіндігін көздейді.
Ақпарат келесі сілтемеден қолжетімді:
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
investor_relations@kcell.kz
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.