Алматы, 14 сәуір 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор 2021 жылғы 13 сәуірде байланыс операторларына арналған бизнесті қолдау жүйелерінің (Business Support System) және заттардың интернет шешімдерінің (Internet of Things) жетекші жеткізушісі «Нексайн» (Nexign) АҚ-мен («ИКС Холдингке» кіреді) Nexign Converged BSS биллингтік платформаны енгізу туралы шарт жасасқанын хабарлайды.
Аталған шарттың мақсаты конвергенттік цифрлық биллингтік платформаны енгізу – «Кселл» АҚ абоненттеріне қызмет көрсетудің бірыңғай биллингтік жүйесіне, оның ішінде нақты уақыт режимінде көшу болып табылады. Цифрлық биллингтік платформа – бұл тарифтеудің, биллингтің, сатудың және қызмет көрсетудің, клиенттерді басқарудың негізгі бизнес-процестерін қолдайтын шоғырландырылған шешім.
Nexign-мен ынтымақтастықта цифрлық биллингтік платформаны енгізу Kcell-ге бірнеше биллингтік жүйелерді пайдалануға арналған операциялық шығыстарды оңтайландыруға, сондай-ақ өнімдерді нарыққа шығаруды жеделдетуге және қызметтердің жаңа түрлерін монеталандыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Жүйелерді жаңарту және шоғырландыру да өзіне-өзі қызмет көрсету сервистерінің мүмкіндіктерін 20-30 пайызға кеңейтіп, бұл байланыс орталықтары мен абоненттік кеңселерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Nexign Converged BSS шешімі Kcell-ге бизнес-трансформацияны жеделдетіп, классикалық телеком-сервистер шеңберінен шығуға көмектесетін артықшылықтарға ие. Nexign компаниясымен ынтымақтастық абоненттерге өзекті өнімдер мен қызметтерді көбірек ұсынуға және осылайша табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді», – дейді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры Юрий Харламов.
«Nexign-мен бірлескен жоба Kcell-ге бизнестің тиімділігін арттырып қана қоймай, клиенттік тәжірибені байытуға және абоненттердің адалдық деңгейін арттыруға көмектеседі. Орталық Азиядағы көп жылдық тәжірибеге және жаһандық көшбасшылармен ынтымақтастықта жасалған үздік тәжірибелерге сүйене отырып, Nexign Kcell-дің жаңа цифрлық мүмкіндіктерін дамытуды қолдайды», – дейді Nexign бас директоры Игорь Горьков.
Байланыс деректері | |
Инвесторлармен байланысИрина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif PartnersКэй Ларсен, Галина Кулачек | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.