
«Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, 2021 жылдың 6 ақпанында компанияның Директорлар кеңесі Харламов Юрий Евгеньевичті сайланған күннен бастап бір жыл өкілеттік мерзімімен 2021 жылдың 6 ақпанынан бастап «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Харламов Юрий Евгеньевичтің телекоммуникациялық салада, соның ішінде басқарушылық салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 2020 жылғы наурыздан бастап «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры және 2020 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі болып табылады.
Харламов Юрий Евгеньевич Мәскеу Электронды Техника Институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша және Бирмингем Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. MBA – London Business School дәрежесіне ие.
Директорлар кеңесі Юрий Харламов «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма Төрағасы рөлінде Компанияның стратегиясы мен операциялық өзгерістеріндегі сабақтастықты қамтамасыз етеді деп пайымдайды.
«Мен Директорлар кеңесіне маған жоғары сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін және оны ақтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймын, – деп айтыпе өтті осы тағайындауға Харламов мырза. – Мен компанияда бір жылдай жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде бүкіл әлем COVID-19 пандемиясы түріндегі бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге және оның Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі іскерлік белсенділік деңгейі мен көлеміне әсеріне тап болды. Осыған қарамастан Kcell 2020 жылы жоғары қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазақстандағы жағдайды біртіндеп тұрақтандыру белгілерін ескере отырып, төтенше жағдайлар немесе осы тұрақтылықты бұзатын жайттар орын алмаған жағдайда Компания 2021 жылы өзінің жоғары нәтижелерге өсу үрдісін жалғастырады деп күтеді», – деп атап өтті Юрий Харламов.
«Кселл» АҚ шоғырландырылған ақша ағынын бағыттайтын ең маңызды жобалардың бірі «250+» бағдарламасы болып табылады, оның мақсаты 250-ден астам адам тұратын ауылдық елді мекендерде кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізу есебінен Қазақстанның барлық халқын цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Бұл жоба елдің әлеуметтік ландшафтын өзгертіп, қала мен ауыл арасындағы сандық теңсіздіктің шекарасын жойып, ел экономикасының қозғалтқыштарының біріне айналмақ.
«Оның үстіне біз операциялық синергияны арттыруға бағытталған «Қазақтелеком» АҚ-ның мажоритарлық акционерімен бірлескен жобаларды табысты дамытуды жалғастырамыз, – дейді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы. – 2020 жылдың үшінші тоқсанында басталған компаниялардың радио желілерін интеграциялаудың бірінші кезеңіқызметтердің сапасының да, желінің өткізу қабілетінің де айтарлықтай жақсаруына алып келді, 2020 жылы біз «Қазақтелеком» АҚ-мен алғашқы бірлескен орнықты және мобильді қызметтер көрсетудегi екi компанияның тәжiрибесiне негiзделген конвергенттік өнімімізді сәтті іске қостық. Өткен жылдың 4 тоқсанында клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру жобасы іске қосылды», – деп атап өтті Юрий Харламов.
Естеріңізе сала кетейік, 2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ «Кселл» АҚ-ның Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды. Екі жылдан астам уақыт бойы Kcell Қазақтелеком компаниялар тобына кіреді және өз қызметінің барлық салаларында негізгі компаниямен серіктестіктен артықшылықтарды табысты пайдалануда. Өз желілерін «Қазақтелеком» АҚ-мен интеграциялау процесі Kcell-ге технологиялар мен қызметтерді одан әрі жетілдіруге ықпал ететін барлық әлеуетті синергияларды барынша іске қосуға мүмкіндік береді.
«Kcell командасының әр мүшесі сыртқы факторларға қарамастан жоғары кәсібилік пен алға қойылған міндеттерге адалдықты көрсетіп, соның арқасында біз қоғамға озық технологиялар мен жоғары сапалы қызметтерді көрсетуді жалғастырамыз», – деп қорытындылады Харламов мырза.
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Юрий Харламовтың «Кселл» АҚ жаңа Атқарушы директоры және Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуы ұялы операторға соңғы екі жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін дамытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
«Юрий Харламовтың тәжірибесі мен кәсіби жетістіктеріне сүйене отырып, «Қазақтелеком» басшылығы «Кселл» АҚ мажоритарлық акционері ретінде компания тұрақты даму бағытын жалғастырады деп үміттенеді. Және «Қазақтелекоммен» синергияда өзінің жоғары бәсекелі және жоғары технологиялық ортасында елеулі нәтижелерге қол жеткізеді», – деп мәлімдеді Қуанышбек Есекеев.
Kcell компаниясында жаңа СЕО тағайындалуына Директорлар кеңесінің мүшесі, «Кселл» АҚ Тәуелсіз директоры Рашит Махат өз ойын білдірді: «Жаңа СЕО-ны тағайындау туралы шешім – бұл эволюциялық фактор және табиғи корпоративтік процесс. Каспарс Кукелистің кетуімен «Кселл» АҚ стратегиялық бағытты түбегейлі ауыстыруды жоспарламайды. Телекоммуникация саласындағы жоғары кәсіби және айтарлықтай тәжірибе директорлар кеңесіне компанияның соңғы 2 жылда жинаған даму қарқынының сақталуына үміт артуға мүмкіндік береді».
«Жыл сайын, қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарамастан, компания өз рекордтарын жасауда. Жаңа тағайындау операторға бүкіл ел бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға көмектесетін ағымдағы және жоспарланған жүйе құраушы жобаларды іске асыру мен аяқтауға қажетті серпін береді. Юрий Харламовтың басшылығымен компания тек акционерлердің ғана емес, жалпы қоғамның игілігі үшін одан әрі өсіп, дамуын жалғастыра беретініне сенімдімін», – деп түйіндейді «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры Динара Инкарбекова.
«Кселл» АҚ баспасөз қызметі pressa@kcell.kz
+7 701 211 4060