Алматы, 18 сәуір 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын 2022 жылдың 15 сәуірінде Компанияның директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды:
- 2022 жылғы 15 сәуірден бастап «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Гасанова Севиль Эюповнаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
- 2021 жылғы 15 сәуірден бастап «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Бас корпоративтік директоры лауазымына Уйсумбаев Азамат Даулетовичті сайлау.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры.
- Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
- Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Нурпеисова Дина Кожахметовна – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
- Уйсумбаев Азамат Даулетович – Басқарма мүшесі, Бас Корпоративтік директор.
Өзгерістерге «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры Юрий Евгеньевич Харламов түсініктеме берді:
«Мен Севильге Компаниямыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Оның халықаралық тәжірибесі, біліктілігі мен кәсібилігі Kcell-ді дамытуда маңызды рөл атқарды. Мен Севильге болашақ бастамаларына табыс тілеймін. Мен сондай-ақ Басқарманың жаңа мүшесі Азамат Уйсумбаевті қарсы алуға қуаныштымын. Оның кәсіби тәжірибесі мен жетекшілік қасиеттері Kcell-дің одан әрі өсуі мен дамуына белсенді ықпал тигізетініне, және бірлесім біз жаңа табысқа жететінімізге сенімдімін».
Басқарманың жаңа мүшесінің қысқаша өмірбаяны төменде келтірілген:
Азамат Уйсумбаев соңғы 12 жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры – Қаржы бақылаушысы және «KT Cloud Lab» ЖШС коммерциялық директоры. Телекоммуникация саласына келгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Экономика және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Мәскеу қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МРА&МВА магистр дәрежесіне ие. «Цифрлық Трансформация көшбасшылары» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады. Қазіргі таңда Nazarbayev University-де Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Мартинез (Шоль) | Tel: +7 7012111202Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.