Алматы, 12 сәуір 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор өз акционерлері мен инвесторларын 2021 жылдың 9 сәуірінде Компанияның директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды:
- «Кселл» Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Сергей Валерьевич Ельцовтың 2021 жылғы 16 сәуірдегі еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзу туралы өтініші қанағаттандырылсын.
- 2021 жылғы 19 сәуірден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры лауазымына Севиль Эюповна Гасанова сайлансын.
- 2021 жылғы 9 сәуірден 2022 жылғы 1 шілдеге дейін «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директоры лауазымына Мария Витальевна Аверченко сайлансын.
- 2021 жылғы 9 сәуірден 2022 жылғы 1 шілдеге дейін «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры лауазымына Алексей Алексеевич Бобров сайлансын.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 31-шілдесіне дейін
- Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 31-шілдесіне дейін
- Гасанова Севиль Эюповна – Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылғы 19 сәуірден бастап 2022 жылғы 19 сәуірге дейін.
- Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылғы 9 сәуірден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін.
- Бобров Алексей Алексеевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылғы 9 сәуірден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін.
Өзгерістерге «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры Юрий Евгеньевич Харламов түсініктеме берді:
«Мен Сергей Ельцовке біздің компанияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық дағдылары соңғы екі жыл ішінде Kcell-ді дамытуда баға жетпес зор рөл атқарды. Мен оған болашақ бастамаларына табыс тілеймін. Мен сондай-ақ Басқарманың жаңа мүшелерін қарсы алуға қуаныштымын: Севиль Гасанова, Мария Аверченко және Алексей Бобров. Мен олардың баға жетпес халықаралық тәжірибесі, жоғары біліктілігі мен кәсібилігі Kcell-дің одан әрі өсуі мен дамуына белсенді септігін тигізетініне сенімдімін.
Басқарманың жаңа мүшелерінің қысқаша өмірбаяндары төменде берілген:
Гасанова Севиль энергетикалық және құрылыс секторларындағы Norton Rose, «Росатом» МК компаниялар тобы және «Лукойл» ЖАҚ компаниялар тобы сияқты халықаралық компанияларда 15 жылдан астам тәжірибесі бар ағылшын солиситоры және қазақстандық заңгер біліктілігіне ие. Гасанова ханымның халықаралық төреліктердегі даулар бойынша заңгерлік кеңес беру және қатысу бойынша орасан зор тәжірибесі бар. Севиль Корольдік Төрешілер Институтының Қауымдастырылған мүшесі, Стокгольм университетінің оқытушысы дәрежесі бар. 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Кселл» АҚ кеңесшісі.
Аверченко Мария телекоммуникация және банк саласында, соның ішінде басқарушылық салада 17 жылдан астам тәжірибесі бар. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін Аверченко ханым Vimpelcom Ltd-да B2C Коммерциялық директоры, Мәскеу қаласында және 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Серіктестермен жұмыс жөніндегі директор қызметін атқарды, бұрын ол «RTK» (МТС бөлшек сауда желісі) және «Евросеть» компаниясында басшылық қызметтерді атқарған. Аверченко ханым Красноярск мемлекеттік техникалық университетін «Компьютерлік және инженерлік гарфикадағы инженер» мамандығы бойынша бітірді.
Бобров Алексей қаржы және аудит саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Бобров мырза халықаралық компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2018 жылдан бастап Бобров мырза «АвтоВАЗ» АҚ Қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды, бұған дейін «Michelin» компаниялар тобында Қаржы директоры қызметін атқарды, E&Y/Andersen-де аудитор және Lafarge S.A-да қаржылық бақылаушы жұмыс тәжірибесі бар. Бобров мырза Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдан бастап Бобров мырза Сертификатталған бухгалтер (CPA) болып табылады.
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Шетел БАҚ | |
College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.