Алматы, 19 тамыз 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, AIX: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператордың бірі өз акционерлері мен инвесторларын Компанияның Директорлар кеңесі 2021 жылғы 4 тамызда «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры Бобров Алексей Алексеевичтің жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартын 2021 жылғы 20 тамызда бұзу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры.
- Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
- Гасанова Севиль Эюповна – Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор;
- Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.