Алматы, 16 қыркүйек 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын Kcell директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды:
- Амардинов Малик Алимжанович 2022 жылғы 15 қыркүйектен 2023 жылғы 11 мамырға дейінгі өкілеттік мерзімімен «Кселл» АҚ Цифрлық даму жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі қызметіне сайлансын;
- 2022 жылғы 16 қыркүйекте «Кселл» АҚ Бас операциялық директоры, Басқарма төрағасының орынбасары Харламов Юрий Евгеньевичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Узбеков Асхат Архатович – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор;
- Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Нурпеисова Дина Кожахметовна – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
- Уйсумбаев Азамат Даулетович – Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор;
- Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
- Ибраев Данияр Кадылханович – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор.
- Амардинов Малик Алимжанович – Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор.
Басқарманың жаңа мүшесінің қысқаша өмірбаяны төменде келтірілген:
Амардинов Малик Алимжановичтің 2 жоғары білімі бар
2008 жылы «Алатау» Қазақстан университетінің Банк ісі академиясын, Қаржы факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжБҚ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі – АТ-да 16 жыл, оның ішінде 12 жыл банк секторында басшы орындарда. Соңғы атқарған қызметтері – Fortebank атқарушы директоры және Fortebank Бас АТ сәулетшісі, онда 10-нан астам жобалық команданы әзірлеуді сәтті жүргізді және үндестірді.
Анықтама үшін:
Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
Ирина Мартинез (Шоль)
Tel: +7 7012111202
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.